You are here

Ассамблея туралы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қарағанды облысы – 110 этностың өкілдері тұратын Қазақстандағы көп этносты аудандардың бірі.

Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың наурыз айында құрылған болатын. Оның негізгі мақсаты – этномәдени ұйымдарға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың тілдерін дамытудағы түрлі мәселелерді шешу, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтап қалуға, жастар арасында біздің бай тарихымызға сый-құрметті сіңіру.

Облыс жанындағы консультативтік-кеңесші топтың құрамында 105 адам бар. Олар – этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыс зиялылары, ардагерлер кеңесі. Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – облыс әкімі Әбдібеков Нұрмұхамбет Канапияұлы.

Облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ұлттың бетке ұстар азаматтары мен дінбасылары атынан Республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына 21 қарағандылық кіреді.

Облыстық Ассамблея хатшылығы этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту үшін, Қарағанды облысында тұрып жатқан халықтардың мәдениетін, тілін дамыту мен сақтап қалуға бағытталған сессиялар, облыстық ҚХА кеңесінің, ғылыми-сараптама тобының, Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің отырыстарын, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстел мәжілістерін жүйелі түрде өткізіп тұрады.

Ресми тіркелген 43 этномәдени бірлестік қызмет істейді, оның ішінде 22-і облыстық, 21-і қалалық және аудандық бірлестік бар. Жаңа бірлестіктердің қатарға қосылуы - этнос өкілдерінің өз халқының тарихы мен мәдениетіне азаматтық қызығушылық пайда болғанының дәлелі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыста ҚХА қызметін қамтамасыз ететін облыс әкімі аппаратының жанынан «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.

Біздің облыста Достық үйі салынып біткенше, аталмыш мекеме өзіне жүктелген міндетті атқарады.

Бейбітшілік пен келісім, азаматтық бастамалар, азаматтық қоғам институттары үшін көп функционалды қор орталықтарының басты шаңырағы болатын Достық үйінің 2015 жылы құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ақпараттық-насихаттау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісін дәріптеу мақсатында республикалық, облыстық баспа және электронды БАҚ-та ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері қарқынды қызмет атқаруда.

Ең негізгі іс-шараның бірі – ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өткен «Бір ел – бір мемлекет – бір тағдыр» атты этностық топтар форумы. Дәл сол мерекеде Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған барлық іс-шаралардың басталуы жария етілді.

Облыстық ҚХА кеңесі құрамына ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік құрылымдар мен БАҚ өкілдері кіреді. Тоқсан сайын отырыстар өткізіледі.

Облыстық Ассамблея хатшылығы оның басшысы және бас маманан тұрады.

Облыстық ҚХА сессиясы жылына бір рет, республикалық сессиядан кейін өткізіледі. Күн тәртібіндегі барлық міндеттер жыл сайынғы республикалық сессияда аймақтарға ҚХА төрағасы, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев жүктеген тапсырмалармен сәйкестендіріледі.

Сессияда ҚХА төрағасы берген тапсырмалар бойынша облыс әкімі іс-шаралар жоспарын бекітеді.

Облыстық ҚХА қызметі 2020 жылға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту концепциясы бойынша жүзеге асады. Аталмыш концепция этностардың мәдениетін, тілдерін, әдет-ғұрыптарын дамытуға, бірлігі жарасқан этносаралық қарым-қатынасты құруға, этномәдени бірлестіктердің азаматтық қоғам институттары мен жергілікті атқарушы органдармен байланысын нығайтуға бағытталған.

Облыстық ҚХА мен «Нұр Отан» партиясы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған.

Ассамблея партияаралық ынтымақтастық тетігі ғана емес, сондай-ақ, облыста қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік туралы жалпыұлттық бәтуа қабылданған.

Облыстық мәслихатта осындай құрылым болып «Қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша партияаралық ынтымақтастық» тобы қызмет атқарады.

Облыстық ассамблея қызметі этномәдени орталықтардың барлығымен сындарлы серіктестік құруға бағытталған. Этносаралық қарым-қатынасты қалыптастыру, мәдениеттердің өзара сіңісуі мен ұлттық бірлікті сақтау мақсатында барлық этностық топтар атсалысатын шаралар жиі өткізіліп тұрады.

Басты назар қалалар мен аудандарда мақсатты топтармен түрлі іс-шараларды өткізуге аударылған. Облыстық ҚХА күнін қалалар мен аудандарда, өндіріс орындарында өткізілген студенттер мен оқытушылар қатысып, ЖОО-ның профессорлары мен әскери бөлімшелер, колледждердің педагогикалық ұжымы үлесін қосқан мерекелік шаралар соның анық дәлелі.

Облыстық ҚХА Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығымен, Қарағанды облысы Долинка елдімекеніндегі саяси қуғын-сүргін құрбандары музейімен тығыз байланыс орнатып қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында бірқатар жұмыстарды атқарып жатыр. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер басшылары қатысуымен жыл сайын Президент Жолдауының негізгі бағыттарын, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін, этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісін насихаттау бойынша отырыстар ұдайы өткізіліп тұрады.

Облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы Қарағанды «Болашақ» университетімен бірлесіп «Память во имя будущего» атты жоба аясында жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арнап бірнеше іс-шаралар ұйымдастырады. Оның ішінде ғылыми жұмыстардың тұсаукесері, жазаланған антифашистердің тағдыр тауқыметі жайлы көрме көрсетіледі.

Облыстық этномәдени бірлестіктер үнемі жергілікті атқарушы биліктің назарында. Күнделікті тіршілік әрекеттеріне демеу болып, моральдық және материалдық көмек көрсетілуде. Облыста этномәдени бірлестіктер өкілдері мемлекеттік тілді, өз тілдерін үйрететін, шығармашылық ұжымдармен айналысатын қор орталығы жұмыс істейді. Кеншілер мәдениет сарайында этномәдени ұйымдар би ұжымдарының әрдайым дайындықтары мен орындаулары өткізіліп тұрады. Кез келген шараларды өткізуде этномәдени бірлестіктерге мәдениет мекемелеріндегі залдар ұсынылады.

Ұлтаралық келісімнің нығаюына және көпұлтты мәдениеттің дамуына үлес қосқандары үшін этномәдени орталықтар басшыларына облыс әкімінің мақтау қағаздары, алғыс хаттар мен сыйақылар табыс етіледі.

Ұлттық мәдениет фестивальдерін, дөңгелек үстелдерді, ғылыми-практикалық конференцияларды, ұжымдардың республикалық фестивальдерде өнер көрсетуіне қаржылық көмек облыстық бюджеттен қарастырылған.

Өңірде этнос өкілдерінің өз ұлттық мәдениетіне сіңісуі үшін барлық жағдай жасалған. Облыстық және республикалық іс-шараларға белсенді қатысып жүрген этномәдени орталықтардың 100-ден астам шығармашылық ұжымдары бар.

Облыстық Ассамблея мен этномәдени бірлестіктерге қазіргі таңда ақпараттық қолдау көрсетуге басты назар аударылып отыр. Жыл бойында мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын электрондық БАҚ-та облыстық ҚХА қызметіне арналған видеоматериалдар көрсетіліп тұрады. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15