Достық үйі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

 

 

Қарағанды облысы әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

Қызмет түрі:

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік сала нысаны

Меншік нысаны: 

мемлекеттік, коммуналдық мемлекеттік мекеме  

Орналасқан жері:

 

Қарағанды қ. Кеншілер даңғылы, 64

Жұмыс орындарының саны:

 

 

64

Орналастырылған этномәдени бірлестіктердің және  қоғамдық ұйымдардың саны:

 

облыстық маңызы бар 22 этномәдени бірлестік

 

1 Халықаралық «Қазақ тілі»  қоғамы, Қарағанды облыстық филиалы-қоғамдық бірлестігі"

 

Пайдалануға берілді:

2015 ж.

 

 

Толтырылу:

Дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізуге арналған отырыс залдары (мәжіліс залы), 430 орындық концерт залы, 100 орындық конференц-зал, 120 орындық "Атриум" залы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мұражайы мен кітапханасы, "Шабыт" көрме залы, халық шығармашылығы кабинеті, "Күй-керуен" орталығы, этно-мәдени орталықтарға арналған кеңселік үй-жайлар (23 бірлік), лингафондық кабинеттер (мемлекеттік тілді, ағылшын тілін, сондай - ақ басқа да тілдерді оқытуға арналған -3 бірлік), би залы.

 

 

 

 

Мақсаттары және

міндеттері

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және басқа да қолдаудың тиімді жүйесін құру.

                                                     

Қызметтің міндеттері:

    1) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;

2) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;

    3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға жәрдемдесу;

    4) демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға атсалысу;  

5) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін елде және шетелге танымал ету;

    6) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру;

    7) этносаралық қатынастар саласында, оның ішінде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласына мониторингті жүзеге асыру;

    8) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша заң жобаларының қоғамдық-саяси сараптамасына қатысу; 9) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, даулы жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу;

   10) этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек;

   11) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарларды, конференцияларды өткізу, сондай-ақ өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;

   12) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

   13) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласында қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу;

   14) Қазақстан этностарының тарихи Отанымен байланысын дамытуға жәрдем көрсету;

   15) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

 

Құсайын Ерлан Бейсембайұлы

Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ директоры  

8-701-077-29-79, 90-03-07

info@kelisim.kz