You are here

АНАНЫҢ АСҚАҚ АРМАНЫ

13.02.2018, 10:37   49

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2018 жылдың 9 ақпанында Қарағанды ​​облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Жезқазған қалалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Келелі мәселелер талқыланған алқалы басқосуды Жезқазған қалалық Аналар кеңесінің төрайымы З.С.Чумакова ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде 2017 жылда облыстық Жезқазған қалалық Аналар кеңесінің атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, 2018 жылдың жұмыс жоспары нақтыланды.

Аталған жиынға «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Қаженова, бизнес және көлік колледжінің директоры, Жезқазған қалалық Аналар кеңесінің мүшесі С.Жумкина, «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы М.Мырзабекова, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшылығы, Жезқазған қалалық Аналар кеңесінің мүшелері, жергілікті полиция қызметінің, білім бөлімінің,  қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының, «ПИК Ютария ltd» ЖШС-нің өкілдері, «Нұрлы ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Идрисова,  «Ана үйі» қоғамдық қорының директоры Г.Пирекенова, Мәруә Құлышова атындағы балалар үйінің психологы Г.Жүнісбекова, маңызды диалог мектебінің оқытушылары қатысты.

Жиын барысында нашақорлыққа, маскүнемдікке, зорлық-зомбылыққа, өз-өзіне қол жұмсауға, тастанды балаларға, өз шаранасына қол жұмсайтын аналарға, педофилдерге және т.б. адам жанын түршіктіретін теріс қылықтарға бой ұрғандарға қарсы тұру үшін, барлық деңгейдегі Аналар кеңесінің және Жезқазған қаласындағы балабақшадан бастап еңбек ұжымдарына дейін қоғам індетіне айналып бара жатқан келеңсіздіктерді алдын алуға және оған жол бермеу мақсатында барлық күштерді біріктіру қажеттілігіне баса назар аударылды.  

Сонымен қатар, маңызды диалог мектебінде жүргізілген тәжірибенің қорытындысы шығарылды. Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жұмыс нәтижесінің тиімділігін арттыруға қатысты сарапқа салынған жобаның өзектілігі мен тиімділігі туралы лекторлар мен келелі кеңеске қатысушылар оң пікірлерін білдіріп, келешекте  аталған бастаманы тәуелсіз жоба ретінде өзге де өңірлерде жалғастыру керектігін атап өтті.   

Кездесу соңында қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселеге байланысты пікір алмасып, маңызды диалог мектебіндегі белсенді лекторларға алғыс хаттар табысталды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15