ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚХА XX СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Қарағанды облысының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ерқара Балқарайұлы Аймағамбетовың төрағалығымен Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессияның жұмысына  Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасы Елшілігінің үшінші хатшысы Адомас Давалга мырза және Литва Республикасынан келген құрметті қонақтар қатысты.

Сонымен қатар, іс-шараға облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен мемлекеттік мекемелердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыртудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» атты ҚХА XXV сессиясында қойылған міндеттердің негізінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының тарапынан атқарылған қызметтердің бағыттары қаралады.

Биылғы алқалы жиын ең қасиетті құндылығымыз – Тәуелсіздіктің 26 жылдығының қарсаңында өткізілуде.

Айтулы іс-шараны құттықтау сөзбен ашқан Ерқара Аймағамбетов: «Қазақстан халқы Ассамблеясының Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің  ядросы ретінде ролі мен мәртебесінің конституциялық және заңнамалық деңгейде артуы ұлттық саясаттың басты бағыттары мен құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қалыптастыруға мүмкіндік берді», - деп атап өтті.

Сессияда, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Ереженің» негізінде этномәдени бірлестіктердің атынан  облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары болып Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі,  облыстық «Полония» этномәдени бірлестігінің төрағасы Виталий Альбертович Хмелевский тағайындалды.

Іс-шараның спикерлері ретінде: Жезқазған бизнес және көлік колледжінің қоғаммен байланыс орталығының директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, облыстық ҚХА Жезқазған қалалық Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан және Ресей жазушылар одағының, Қазақстан Республикасының   журналистер одағының мүшесі З.С.Чумакова,  жас кәсіпкер, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы А.А.Тосканбаев, Литва Республикасының «Штурвалас» көлік және логистика компаниясының директоры Повилас Варасимавичюс, кәсіпкер «Mариади Групп» компаниясының басшысы О.М.Ермеков,  Сәтбаев қаласындағы «Дуслык» Татар-башқұрт этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Р.Абузярова, Президенттік «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы мемлекеттік және жергілікті басқару Эксетера университетінің магистрі А.А.Дауленбаев, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенті В.Литвинов өз пікірлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясының соңында салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Қарағанды облысының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ерқара Аймағамбетов халықтың бірлігіне, мәдениетаралық диалогты дамытуға және қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі «Шэмэш» еврей орталығының басшысы И.Б.Кожановскаяға және «LITUANICA»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.И.Тварионасқа табыстады. Сонымен қатар, Елдегі Қоғамдық келісімді нығайтуға, Қазақстан халықының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен Алғыс хаты Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасының профессоры, Қазақстандағы діни жағдайды зерттеу зертханасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Б.И.Карипбаевқа, Жезқазған бизнес және көлік колледжінің директоры, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, философия ғылымдарының кандидаты С.С.Жумкинаға, Қали Байжанов атындағы «Мерей» ансамблінің солисі  Л.Н.Пропищанға табыс етілді.

Ал облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін және жеке еңбек үлесі үшін Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасы «100 жаңа есім» ұлттық жобасының жеңімпазы, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің профессоры, жоғарғы санатты хирург Н.Т.Абатовқа,  «100 жаңа есім» ұлттық жобасының жеңімпазы, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы Р.С.Алимхановаға, «100 жаңа есім» ұлттық жобасының жеңімпазы, Қарағанды қ. ІІБ Жаңа-майқұдұқ полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Д.К.Алтаевқа, «100 жаңа есім» ұлттық жобасының жеңімпазы, жаттықтырушы, «NOMAD MMA» аралас жекпе-жегі ұлттық стилінің негізін қалаушы С.В.Ан. «100 жаңа есім» ұлттық жобасының жеңімпазы, кәсіпкер А.А.Тосканбаевқа табысталды.

Сонымен қатар, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Заң факультетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі М.Жасқайратқа, «Вайнах» Шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары А.С.Заурбековке, «Строй с нами»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры А.Д.Цойға, Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі  К.Төлеухановаға табысталды.

Сессияның қорытындысы бойынша аймақтағы  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында нақты тапсырмалар берілді.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.