You are here

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚХА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

12.02.2018, 11:37   79

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Достық үйінде Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Е.Б.Құсайын, және облыстық Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Кеңеске қатысушылар күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылап, жалпы ұлттық «Қайырымды ел» акциясы аясындағы іс-шаралар туралы ой бөлісіп, облыстық Аналар кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, ұйымдастыру мәселесін қарады.

Алқалы жиынды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы С.Н.Нұрмағамбетова ашып, жүргізіп отырды.
Елбасының Жолдауынан туындайтын жаңа міндеттер туралы Қарағанды облысы ҚХА Хатшылығының басшысы Е.Б.Құсайын: "Мемлекет басшысы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты биылғы Жолдауында осыны ескерте отырып, жүйелі жаңғыртудың нақты 10 міндетін атап көрсетті. Ел дамуы үшін аса маңызды стратегиялық құжаттың алтын арқауы ретінде цифрлы технологияларды өмірдің барлық салаларына енгізу талабын қойды.

Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көліктік-логистикалық инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысы мен коммуналдық сала, қаржы секторы, мемлекеттік басқару саласына айрықша мән берілді. Сонымен қатар, адами капиталды дамытудың ең басты шарттары – озық білім беру жүйесін қалыптастыру, денсаулық сақтау мен жұмыспен қамту салаларына баса назар аударылды", - деп атап өтті. Сондай-ақ, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі М.Д.Фатеева осы өзекті мәселеге байланысты өз ойын ортаға салды.

Қарағанды облысы ҚХА Хатшылығының басшысы Е.Б.Құсайынның ұсынысымен Қарағанды облыстық Аналар кеңесінің төрайымы С.Н.Нұрмағамбетова облыстық ҚХА Аналар кеңесінің құрметті төрағасы болып бірауыздан сайланды. Е.Б.Құсайын С.Н.Нұрмағамбетоваға елімізде қоғамдық келісім мен халықтар достығын нығайтуға сіңірген ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс айтып, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасын тапсырды.

Отырыс барысында қатысушылар ашық дауыс беру арқылы облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы қызметіне облыстық ҚХА мүшесі, «Понтос» грек мәдени орталығы» ҚБ төрайымы Касапиди Деспина Ивановнаны сайлады.

Жиынға қатысушылар жалпы ұлттық «Қайырымды ел» акциясының маңыздылығына назар аударып, «Ардақты ардагерім», «Подари детям тепло», «Дари добро во благо детям», «Дорога в школу» акцияларына кеңес мүшелерін белсенді араласуға шақырды.

Іс-шара соңында қатысушылар атқарылар жұмыс туралы ой бөлісіп, Қарағанды облыстық ҚХА Аналар кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, Достық үйінің мұражайын тамашалады.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 12 Ақпан, 2018

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15