«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында ағымдағы жылдың 22 қарашасында Достық үйінде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Келелі басқосуға Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, ғылыми-сараптамалық тобының, Қоғамдық келісім кеңесінің және Аналар кеңесінің мүшелері, медиаторлар, студенттер, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған іс-шарада Қазақстанның қол жеткізген табыстары мен бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен Елбасының рөлі жан-жақты әңгіме арқауы болды.

Дөңгелек үстелдің модераторы ҚММУ-нің әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректоры, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптама тобының басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор В.Б.Молотов-Лучанский өз сөзінде: ҚР Президентінің Республика алдындағы жетістіктерін атап көрсету үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мереке ретінде құрылды, – деді.

Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Философия және психология» факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы Б.И.Кәрібаев өз ойын  әйгілі ойшыл Т.Карлейльдің «Барлық өркениет тарихы, заманындағы аса көрнекті тұлғалардың тарихына тікелей байланысты. Олардың өз заманынан озық туғандығы, алдағы кезеңдер болмысын тамыршыдай тап басып тани білгендігінде», - деген сөзімен бастап, тәуелсіздік алған жылдардағы ішкі және сыртқы саясаттағы қиын-қыстау  заманда Елбасы тәуелсіз, дамыған демократиялық мемлекетті құрудағы жауапкершілікті өз мойнына алып, экономикасын көтеріп, мемлекеттің тұтастығын сақтап, шетелдегі оң имиджін қалыптастырды. Осыған орай, Н. Ә.Назарбаевтың арқасында Қазақстан өзінің жалпы орны бар, халықаралық лайықты ел болып, бүкіл әлемде танылған мемлекет деп сенімділікпен айтуға болады - деп өз ойын ортаға салды.

Кездесу барысында «Нұрлы білім» ҚБ теологі А.Абдрашов өз тұжырымында: Елбасының сындарлы саясаты арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша моделі жасалды.

Елімізде Конституцияда бекітілген діни сенім бостандығы мен дінаралық диалогты жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Қазақстан Республикасы - мәдениеттермен діндердің жақындату процесінің бастамашысы болды, – деп атап өтті.

Отырыстың соңында жиынға қатысушылар пікір алмасты, сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысқандарға Алғыс хат табысталды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.