You are here

II Облыстық «Жастар әлемі» фестивалі

04.09.2015, 13:53   2125

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Көше билерін, жастар мәдениетін дамыту және насихаттау, заманауи тартымды сауық түрлерін ұйымдастыру, дарынды жастарды анықтау, топ және жеке бишілердің кәсіби шеберліктерін арттыру, Қарағанды облысындағы мемлекеттік жастар саясатын тиімді  жүзеге асыру, Қарағанды облысының шығармашылық ұжымдарының арасындағы достық және мәдени қарым–қатынастарға қолдау көрсету мақсатында 5 қыркүйекте Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Қазақстан Республикасының Конституциясының 20– жылдығына орай II Облыстық «Жастар әлемі» фестивалі өтеді.

«Жастар әлемі» фестивалі 2 бөлімнен тұрады:

1 бөлім - «Dancing city», көше би шеберлерінің өнері көрсетілімі (1 көрсетілім) сағ. 14.00-де өтеді.

2 бөлім - «Террикон», рок – топтарының орындауы сағ.16.00-де (3-5 шығарма, авторлық және танымал әндердің кавер-нұсқасы) өткізіледі.

Фестивальдің бөлімдерінде Қарағанды облысының және Алматы қаласының дарынды жастары өнер көрсетеді.

Фестиваль қонағы Мәскеу қаласында өткен «Главная сцена» жобасының бас жүлде иегерлері «Cardio Beat» тобы.

Сіздерден 2015 жылдың 5 қыркүйегінде сағ: 14.00 де Орталық мәдениет және демалыс саябағының орталық алаңында ақпараттық көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15