You are here

Қарағанды қаласында «Біз біргеміз» акциясы аясында Василий Левитпен кездесу өтті

28.11.2017, 10:51   126

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 24 қараша күні Қарағанды облысы ҚХА жастарының Үйлестіруші кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Біз біргеміз!» акциясы жалғасын тапты. Осымен екінші рет өткізілген кездесу «Құлыншақ» балалар үйінде өтті. Үш дүркін Азия чемпионы, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левиттің жеткіншектермен кездесіп олармен өмірлік тәжирибесімен бөлісті.

Осымен  облыстық ҚХА жастарының Үйлестіруші кеңесімен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған кездесу - 28 казанда Серік Сәпиев бастаған «Біз біргеміз!» акциясының  жалғасы.

Кеңес төрағасы Александр Урмашовтың айтуынша, бұл бастама  Қазақстан халқы Ассамблеясы көп көңіл бөліп отырған  қайырымдылық, қамқорлық пен тәлімгерлікті дамытуға қосылып жатқан үлес.

Болашақ жастардың қолында болғандықтан, олардың бойына төзімділік пен патриотизмді, бірлік пен келісімді сіңіруді мақсат еткен ұйым мүшелері акцияның «Біз біргеміз» - деп аталуының бекер еместігін жеткізді.

- Бүгінде біз жаңа Қазақстанның негізін салудамыз, - дейді Вида Грейчуте, кеңес мүшесі әрі әлеуметтік жобалар комиссиясының жетекшісі. – Әрбір саланы әрбір сананы жаһандандырып, ұлттар арасындағы ойдан шығарылған шекараларды жою – біздің мақсатымыз. Бірақ өкінішке қарай, көптегеен жастар балалар үйінен қорқады, балалардан қорқады. Олардың айтуынша, балалар үйінде тек уайым, қайғы, мұн ғана бар. Сондықтан да бұл акцияны кеңейту арқылы біз бұл пайымның жалғандығын атап өткіміз келеді.

Кездесу барысында балалар белсенділік танытып, қоңаққа түрлі сұрақ қойды. Осындай қызу сұрақ-жауап барысында жеткіншектер Василий Левиттен өмірдің сынына қарсы тұрып, арманға жету жолында қандай шыдамдылық таныту керектігін үйренді. Сонымен қатар, қоңақтар ең кішкентай балақайлардың орындауындағы ән мен бидің куәгері болды.

Дәстүр бойынша, былғары қолғап шебері балалармен суретке түсіп, қолтаңбасын таратты.

Бұл жолы Рио-де-Жанейродағы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері акция эстафетасын шоумен әрі әртіс Әнуар Нұрпейісовке тапсырды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15