You are here

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

12.01.2017, 14:48   757

Версия для печатиPDF versionEPUB version

11 қаңтар күні Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Қарағанды облысы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы Нұрлан Дулатбековтың төрағалығымен Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, мемлекеттік мекеме жетекшілері мен қызметкерлері, қалалық және аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, этномәдени бірлестік пен мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысты.

Кездесу басында Нұрлан Орынбасарұлы жиылған қауымды облыстық Кеңес төрағасының орынбасары болып тағайындалған Рымбала Омарбековамен таныстырды. Өз сөзінде Кеңес төрағасы  Қоғамдық келісім кеңесінің атынан Шахан кентінде болған қайғылы жағдайда қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Отырыс барысында қатысушылар медиация институты мен Қоғамдық келісім кеңестерінің өзара әрекеттестігі,  Балқаш, Жезқазған қалалары мен Абай ауданы Кеңестерінің жұмысының нәтижесімен танысты.

Бүгінгі күні Қарағанды облысы бойынша 173 Қоғамдық келісім кеңесі қызмет атқаруда, соның ішінде:  облыстық – 1, қалалық – 8, аудандық – 9, ауылдық – 155.  Жалпы адам саны 1078 адамды құрайды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамдық келісім кеңестерімен 1176 іс-шара өткізілді, олар: отырыс – 306, дөңгелек үстел – 200, мемлекеттік қызметкерлердің есептеріне арналған  238 жиналыс және 432 түрлі бағыттағы кездесулер. Барлық іс-шаралар бейбітшілік пен келісімді сақтауға, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған еді.

Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы Татьяна Савицкая қоғамдық келісім мен тұрақтылық мәселелері бірінші орында екендігін, ал медиация мен Қоғамдық келісім кеңесі бірін-бірі толықтыруы қажет екендігін айтып кетті.

Сонымен бірге қоғамдағы келісімді, бірлікті сақтау мен дамыту тәжірибесімен Жезқазған қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков бөліскен болатын.

«Біздің ұжымымызда әр түрлі әлеуметтік топтағы азаматтар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар қызмет атқаруда. Жұмыс істеу арқылы олар өмір сүруге құлшыныстарын арттыруда», - дейді Бекзат Құмарұлы. Сонымен бірге өз баяндамасында ол «Ютария LTD» ЖШС құрылған Аналар кеңесінің қызметі туралы айтып, олардың атқарған жұмысының арқасында жұмыссыз жастар мен жалғыз басты әйелдер өз болашағына сеніммен қарай алатынын жеткізді.

Бұл отырыстың негізгі міндеттерінің бірі  облыстық ҚХА бастамасымен Шахан кентінде құлаған үйдің тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында жүргізілген акцияның қорытындысын шығару еді.

Нұрлан Дулатбеков жиналған қауымға қайғылы жағдайда ата-анасынан айырылған Полинаның оқиғасын айтып берді. Жиналған қаражатқа кішкентай қызға фортепиано сатып алынады деп шешілді. 

Отырыс соңында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің 2017 жылға арналған құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15