You are here

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» 25 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН БАСТАУ АЛДЫ

22.11.2016, 15:39   380

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Биыл еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Күллі республика бойынша  «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 Негізі» 25 Жұлдызды күні аясында  қарашаның 21-і мен желтоқсанның 16-сы аралығында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін таныстыратын 25 іс-шара өткізіледі.

Осы бастаманың алғашқысы Достық үйінде ҚХА «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» жалпыреспубликалық акциясы аясында өтізілген облыстық «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – азаматтық қоғамның дамуы мен қалыптасуына 25 жыл» конференциясы болды.

Конференцияға облыстық құрылымдардың басшылары, ішкі саясат пен әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің жетекшілері, облыстық үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

«Қарағанды облысы «Азаматтық Альянс» қауымдастығының президенті Наталья Вщивцеваның айтуынша, 25 жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдар қыруар жұмысты тындырды. Сонымен бірге, Ата Заң конституционалдық құрылысты, мемлекетіміздің саяси және заңдық ерекшеліктерін бекітетінін айтып, «Ата заңды білу қазақстандық азаматтық бірегейлігін  қалыптастыратын негізгі факторының бірі», – деді өз баяндамасының соңында Наталья Николаевна.

Қоғамдық бірлестіктермен, соның ішінде этномәдени бірлестіктердің  бірігуімен  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ұсынар сый ретінде «БІЗ - біргеміз» облыстық акциясы ұйымдастырылды.

2016 жылы Қарағанды облысы «Азаматтық Альянс» қауымдастығына 11 жыл толды. Бұл уақыт аралығында облыстық ҚХА мен Азаматтық альянс қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, қоғамдық бақылау құрылымдарын қалыптастыруға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асырды.  

«Қазақстан Республикасының бейбітшілігі мен келісімі үшін Азаматтық альянстың барлық институттарының бірігуі» тақырбында «Polonia» Қарағанды облыстық поляк қоғамының» төрағасы  Виталий Хмелевский баяндама оқыды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында облысымыздың үш маңызды қоғамдық мекемелері арасында – Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды облысының  Азаматтық альянсы және «Қарағанды облысы кәсіподақ орталығы» аймақтық  кәсіподақтардың бірлестігі «Мәңгілік ел» құндылықтарының нығаюына бағытталған ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Облысымыздың аймақтық  кәсіподақтары бірлестігінің төрағасы Любовь Қуанышбекова Ассамблеяның қайырымдылық саласындағы рөліне тоқталып, осы бағыттағы жұмысқа қолдау білдіретінін айтты.  Сондай-ақ, ол өзінің баяндамасында Координациялық кеңес пен Кәсіподақтар федерациясының жастармен жұмыс жөніндегі кеңес жұмысын біріктіруге ұсыныс білдірді.

Іс-шара барысында республикалық VII Азаматтық форумында таныстырылатын Теміртау жастар клубының төрағасы Алексей Ломакиннің жетекшілігімен ұйымдастырылған мемлекеттік органдар мен бейкоммерциялық ұйымдарға арналған ұсыныстар жобасы  таныстырылды. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15