You are here

Қарағандыда облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы табысталды

18.09.2015, 15:23   1832

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Салтанатты іс-шара Кеншілер мәдениет сарайында өтті. Аймақта мемлекеттік тілдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды арнайы марапаттау биылғы жылы төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Қарағандыда тіл жанашырларын Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында марапаттау дәстүрге айналды.

- Мемлекет басшысы «Қазақстан 2050» стратегиясында 2025 жылға дейін қазақстандықтардың 95% қазақ тілін меңгеру міндетін қойды. Бұл міндетті тиісті атқару бірінші кезекте мемлекет қызметшілердің біліктілігіне байланысты екені сөзсіз, - деп айтып кетті облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Тілдерді жан-жақты дамытуда дара үлестерін қосып жүрген мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, әртүрлі ғылымдар саласындағы қызметкерлер, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері сыйлыққа үміткер атанды.

«Үздік телехабар» аталымында екі жеңімпаз анықталды, олар: «5- АРНА» телеарнасының жаңалықтар қызметінің редакторы және жүргізушісі Әсел Сәбитова мен «Қазақстан Қарағанды» облыстық телеарнасының жаңалықтар бөлімінің релакторы Александр Крылов.

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» аталымында Наталья Терновая жеңімпаз болды. Ол Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушысы, заңгер, сондай-ақ, Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін арттыру орталығында қазақ тілінен дәріс береді.

«Тіл жаршысы» аталымы бойынша екі сыйлық тағайындалды: бірі – Сәтбаев қаласы «Шарайна» газетінің журналисі Бағдат Қазкенов пен журналистиканың ардагері Асқар Назипа Қожақызы мараппатталды.

«Тіл майталманы» облыс әкімінің басты сыйлығы Сағат Батырхановаға берілді. С. Батырханова алғашқылардың бірі болып республикалық дәрежеде қазақ балабақшаларын, мектептерін ашу мәселесін көтерген болатын. Сонымен бірге, «Хабар» агенттігі мен «Азаттық» радиосындағы «Тіл» тележобасының ең алғашқы жүргізушісі.

«Тіл майталманы» - бұл мен үшін күтпеген қуаныш, көптен күткен қуаныш және артылған үлкен жауапкершілік. Тілді жан-жақты меңгеру маңызды және оны дұрыс қолдана білу керек. Тіпті Қазақстанда тілдік нормаларды қадағалайтын Тіл полициясын құруды ұсынар едім, - деп Сағат Батырханова өз ойымен бөлісті.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim@bk.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15