You are here

Қазақстан білімді қоғам жолында

10.11.2015, 18:23   1123

Версия для печатиPDF versionEPUB version

10 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес отырысы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» тақырыбындағы үздік ғылыми жұмыс байқауы қорытындыланды. Байқаудың нәтижесі бойынша Қарағанды облысынан қатысқан гуманитарлық ғылымдар магистрі, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Әділет Жағыпардың ғылыми жобасы бірінші орынды иеленді.

«Алаш ұлт қайраткерлері ұстанымы: «Мәңгілік ел» идеясы» тақырыбындағы ғылыми жұмыстың мақсаты – мұражайда халқымыздың баға жетпес бай мұрасын сақтау, қорғау мен насихаттау, барлық ұлттың басын қосып, ұлы мұраттарға жетелейтін «Мәңгілік ел» идеясын экспозициясында көрсетіп, ұлттық идеологияның мәйегіне айналдыру. Сондай-ақ, Қазақ елі тарихи тұлғаларын таныстырумен қатар, жастардың қызығушылығын ояту жолдарын қарастыру.

Жобаның өзектілігі – тәуелсіздігімізді ғұмырлы ету жолындағы Қазақ елінің «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының тарихи сабақтастығын болашақ ұрпақтың санасына сіңдіріп, жас өскіндерді тәрбиелеудегі бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне тоқталу.

Ғылыми жобада 1932 жылы 7 қарашада ашылған Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қазақ халқының тарихын эскпозициялауға зор үлес қосқаны зерттелген. 2010-2011 жылдары «Жол картасы» бағдарламасы аясында реэкспозиция жұмыстары жүргізіліп, әр залдың ғылыми тұжырымдамасы және тақырыптық-экспозициялық жоспары жасалған. Нәтижесінде «ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары», «ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы қазақ зиялыларының тағдыры» аталған жаңа технологиялармен жабдықталған көрнекті залдар әзірленді. Бұл залдар Алаш ұлт қайраткерлері ұстанымы «Мәңгілік ел» идеясын насихаттауға арналған Қазақстанда бірегей экспозиция болып саналады. Экспозицияда қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ХХ ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерілісті қарумен емес, жаңа әдіс – қазақ ұлтының сана-сезімін ояту, қоғамға тың ой-пікір мен жаңа идеялар және көзқарастардың қалыптасуына сара жол ашқандығы туралы тарих беттеріндегі оқиағалар баяндалған. Тәуелсіздік жолында мерзімдік баспасөз арқылы күреске шыққаны жайында да мол ақпарат жинақталған.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim@bk.ru

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15