You are here

Қазақстан этникалық театрларының IV республикалық фестивалінің жабылу салтанаты

13.07.2017, 11:43   1228

Версия для печатиPDF versionEPUB version

12 шілдеде Оқушылар сарайында Қазақстан этностық театрларының V Республикалық фестивалінің жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. 

Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, шығармашылық саланың зиялылары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Фестивальге Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Республикалық академиялық неміс драма театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ақмола облыстық орыс драма театры, Астана Жастар театрлары қатысты. Бір апта бойы Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары Л.Толстой, И.В.Гёте, А.Кекилбаев, А.Островский, Л.Соловьев сынды классиктердің қойылымдарымен танысты.

Әділқазылар алқасы «Үздік спектакль», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік әйел ролі», «Үздік ер адам ролі», «Үздік сценография», «Екінші пландағы үздік әйел ролі», «Екінші пландағы үздік ер адам ролі», «Үздік ұлттық драматургия» аталымдары бойынша үздіктерді анықтады. 

«Фестивальдің бағдарламасында алуан түрлі іс-шаралар мол болды. Осы жылы жаңалықтарымыз көп. Ұзақ үзілісітен кейін фестивальге Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының театрлары қатысты. Бұл жаңалық әділқазылар алқасын, сондай-ақ әріптестерді де қуантты»,- деді әділқазылар алқасының төрағасы Талғат Теменов

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15