You are here

Қытай әдебиеті мен мәдениетінің күні өтті

12.02.2018, 15:52   63

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2018 жылғы 9 ақпан күні Қытай мәдениеті мен әдебиетінің өзіндік тарихы және қытай халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің жаңғыртуына арналған Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында Қытай әдебиеті мен мәдениетінің күні өтті.

Іс-шараға «Достық» қытай ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті тарих факультетінің «Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы Б.О.Досова және қытай тілінің оқытушысы У.Т.Аязбай қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға халқының саны жағынан әлемде бірінші орын алатын, 1 миллиард 370 миллион халқы бар Қытай Халық Республикасы және  қытай халқының салт-дәстүрлері туралы айтылды. Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасымен 1992 жылы  дипломатиялық қатынастар орнатты.

Сонымен қатар, қытай тілінің оқытушысы У.Т.Аязбай қытай тілінің ерекшеліктерін атап, иероглифтерді салып, олардың мағынасын түсіндіріп отырды. Сондай-ақ, қатысушыларға «Қытай жаңа жылы» туралы  бейнеролик  көрсетілді. Аталған бейнероликте айдаһар халық құрметтейтін мифтік жануар ретінде көрсетілген және қызыл түс қытай халқында ең  жақын, әрі сүйікті түс болып табылады. Іс-шара барысында «Достық көкжиегінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда қытай кітаптары орыс және қытай тілінде ұсынылып, қытай музыкасы ойналды.

Жалпы іс-шара өте жоғарғы деңгейде өтіп, қатысушылардың көңілінен шықты.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 12 Ақпан, 2018

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15