You are here

МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ

07.10.2016, 11:02   183

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қарағанды қаласындағы Достық үйінің конференц-залында Қазақстан Республикасы  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерлері Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен және «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп «Мәңгілік Ел – мәртебелі тіл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада мемлекеттік мекемелер басшылары, этномәдени бірлестіктер төрағалары, жоғары оқу орындарының өкілдері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ардагерлері мен қызметкерлері, Қарағанды облысы бойынша тілдерді оқыту орталығының өкілдері мен журналистер қатысты.

Іс-шараны ҚР ҰҚК Қарағанды облысы бойынша  департамент бастығының орынбасары ашып,  жиналғандарды Қазақстан халқы Тілдерінің күнімен құттықтады. Өз сөзінде ол Мемлекет басшысының Қазақстанның қазіргі күні конституциялық деңгейде әрбір қазақстандыққа өз ана тілінде  еркін тілдесуіне мүмкіндік беретін тілдік саясатына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.

Іс-шара қатысушылары: қазақстандықтардың ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы мемлекеттік тілдің рөлі мен саяси тұрақтылық пен еліміздің қоғамдық келісім мен бейбітшілікті нығайтудың негізі саналатын тілдік саясат тақырыптарына талқылау  жүргізді.

Тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарманың жетекшісі Гүлнәрайым Қаңтарбекова өз сөзінде Тілдер күнінің негізін құрайтын басты идеяны  айқындады: «Әрбір тіл – барлық адамзаттың рухани мұрасының бөлігі, ал әрбір мәдениет  –  әлемдік өркениетке қосылатын баға жетпес үлес».

Тәуелсіздік жылдары мақсатты және сарабдал мемлекеттік саясатпен қалыптастырылған бейбітшілік пен келісімді сақтау Қазақстан Республикасының визиттік карточкасына айналды. Бүгінгі күні біздің республикамыздың көпұлтты аймағы – Қарағанды облысында білім беру, ұлттар тілдерінің, дәстүрлердің дамуы мәселелерімен айналысатын 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді және олар этносаралық қарым-қатынастарды қалыптастыру мен нығайтуда шешуші рөл атқарады.

«Тіл коммуникация құралы ғана емес, ол ұлттың бірігуі мен ұйысуына  ықпал ететін, адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын – тәрбие және тірек құралы. Қазақстанда Тілдер күнінің атап өтілуі еліміздің барлық азаматтарының туысқандық және бірлік мерекесі болып табылады. Өйткені, халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – еліміздің негізі», - деп атап көрсетті іс-шара модераторы.

Қауіпсіздік комитеті ардагерлерінің баға жетпес тәжірибесі және мінсіз қызметі өскелең  ұрпақ үшін  үлгі болып табылады. Бұның өзі Отанға адалдық танытқан, оқуға тілек білдіріп, өздерін қиын да қызықты жұмысқа арнағысы келген, жақсы дайындық көрсеткен  жастардың мемлекеттік органдарға көптеп келетіндігіне деген сенім ұялатады. Олар болашақта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлер негізін құрайтын болады.

ҰҚК ардагері Дархан Қойшыбаев ұлттық бірегейлікті  қалыптастырудағы мемлекеттік тілдің жетекші рөлі жайында баяндама жасады.

Ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделінің еліміздің визиттік карточкасы болуы кездейсоқтық емес. Облыста жұмыс жүргізіп отырған этномәдени бірлестіктер білім беру, ұлттық мәдениетті дамыту, салт-дәстүрді, тілдерді дамыту мәселелерімен айналысып, мәдени әртүрлілікті қалыптастыруда және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуда шешуші рөл атқарады. Өз сөзінде бұл идеяларды профессор, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі, «Қарағанды қаласының Еврей мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вилен Молотов-Лучанский қолдады.

Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің этнолингвистикалық сынып оқытушылары баяндама жасап, іс-шара барысында талқыланған тақыраптарға талдау жүргізуге белсене қатысты.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел отырысында облыстық этномәдени бірлестіктердің және тілдерді оқыту облыстық орталығы тарапынан  ана тілін және мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқу-әдістемелік құралдар стеллаждары ұсынылды.

Іс-шара соңында кездесу модераторы қатыстушылардың барлығына сындарлы пікір алмасқандары үшін, тілдерді дамыту саласында және Қазақстан халқының мәдениетін қамтамасыз етуде бейбітшілік, тұрақтылық және мәдениетаралық келісімді сақтауға бағытталған көп жылғы еңбегі үшін ризашылығын білдірді. Және спикерлер сөздерінде көтерілген барлық сұрақтар мен мәселелердің мемлекеттік мекемелерге осы бағыттағы жұмысты  түзетуге көмектесетіндігін айтты.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15