You are here

Неміс делегациясы Қарағанды қаласында

04.10.2015, 19:30   1349

Версия для печатиPDF versionEPUB version

4 қазан күні кеншілер астанасында ресми сапармен арнайы келген Германия Бундестагы өкілдері облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті.

Аталмыш кездесуге Қарағанды облысының Мәслихат хатшысы, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Дулатбеков, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының төрағасы Е. Құсайын, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен жастар қанаты қатысты. Неміс делегациясы құрамында Германия Парламенті төменгі палатасының депутаттары Филип Ленгсфельд пен Хайнрих Цертик, Ресейдегі немістер ұйымының жастар жұмысы бойынша федералды жетекшісі Вальтер Гаукс, сондай-ақ, ҚР ГФР елшілігінің қызметкерлері болды.

Кездесудің негізгі мақсаты – екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту. Сондай-ақ, білім саласын заманауи жетілдіруде және инновациялық жаңалықтарды енгізудегі серіктестікті дамыту.

Делегация Долинка елді-мекеніндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында болып, ерекше әсерде қалғандарын жеткізді. Дөңгелек үстеле барысында сөз сөйлеген делегация мүшелері депортация кезінде өзге ұлт өкілдерін бауырына басып, пана болған қазақ халқының кең пейілдігіне риза болып, алғыстарын білдірді. Қазақстандағы түрлі этносаралық келісім мен толеранттылық өзге елдерге үлгі екенін айрықша айтап өтті.

Кездесу соңында Н. Дулатбеков құрметті қонақтарға қазақ халқының бай тарихы мен қасиетті салт-дәстүрін баяндайтын және Қазақстанның индустриалды орталығы – Қарағанды қаласымен таныстыратын қазыналы кітаптар мен фотоальбом табыстады.

3-9 қазан аралығында ГФР делегациясы Қазақстан жерінде болмақ. Ресми сапар аясында неміс делегациясы Астана, Қарағанды және Алматы қалаларын аралайды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim@bk.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15