You are here

Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

13.06.2017, 10:29   1956

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 12 маусымда Астана қаласында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде өткізілетін Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін таныстыруға арналған «Бейбітшілік пен келісім қуаты» іс-шаралары өтті.

12 маусым күні ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде өткізілген Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін таныстыруға арналған «Бейбітшілік пен келісім қуаты» іс-шараларына қатысты.

Іс-шараларға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ЭКСПО-2017 көрмесінің шетелдік қонақтары, Ассамблеяның, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, дипломатиялық корпустың, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми зиялы қауым, халықтық қолданбалы өнер шеберлері қатысты.

Іс-шаралар ЭКСПО-2017 өткізілетін кезеңде астана тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылатын Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің таныстырылымы өтетін ҚР Ұлттық музейінде бастау алды.

Таныстырылымды аша отырып Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздіктің 25 жылында біздің елде этностық өшпенділік пен араздық туындатқан бірде-бір жанжалдың болмағандығын атап өтті. Қазақтан бүкіл әлемге біздің адамзат өмірінің қауіпсіздік экологиясы саласындағы тәжірибемізді, достық пен сенім қуатымызды көрсетуге дайын.

ЭКСПО-2017 алаңшасы бұл көп этностық стратегиялық ресурс болып табылатын орнықты мемлекетті құру тәжірибесі және оны біздің қалай түсінетінімізді таныстырудың тағы бір мүмкіндігі болып табылады.

Іс-шара қонақтары этномәдени бірлестіктерд БАҚ-тары арнайы шығарылымдарына арналған көрмемен, халықтық қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының жәрмеңкесі, «Киіз үй - Елдің отауы» концепт-модулінің жұмысымен, қазақ ұлттық тағамдары бойынша шеберлік сабақтарымен танысты.

Одан әрі Г.Әбдіқалықова және таныстырылым қонақтары ЭКСПО саябағы аумағындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Бейбітшілік пен келісім аллеясының ашылу салтанатына қатысты.

Аллеяның ашылуы шеңберінде этномәдени бірлестіктер мен шығармашыл жастардың театрландырылған шеруі, «Шеберлер ауылы» халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, «Алға, Қазақстан!» флешмобы өтті.

Іс-шара соңында Мемлекеттік хатшы бейбітшілік пен келісім қуаты – бұл ғаламшардағы ең таза, ең игі қуат екенін атап көрсетті.

Осы Аллеямен жүріп өткен әр адам қазақтың қонақжай әрі дархан пейілді жерінің жылуын ала кетсін.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15