ПРЕСС-РЕЛИЗ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылғы 10 қазанда Қарағанды облысына ресми сапармен Қазақстандағы Румынияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Николай Уреке және Румыния Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі румын диаспорасы істері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы – Себастиан Хотка келеді.

Ресми іс-сапар барысында делегация облыс әкімінің орынбасары А.М.Ахметжановпен кездесу өткізіп, Румыния мен Қарағанды облысы арасындағы әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін қарастырады.

Сонымен қатар Спасск мемориалды кешеніне барып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған румындарға арнап орнатылған ескерткіш тақтайларға гүл шоқтарын қою жоспарлануда. Қонақтар «Сарыжайлау» кинотеатрының үлкен залында «DACIA» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 10 жылдық мерейтойына орай өтетін мерекелік концертке қатысады.

Мерекелік бағдарламада:

  • Ұлттық киім-кешек пен халық шығармашылығы бұйымдарының көрмесі;
  • «RO-MANIA» (Румыния) фолк-тобы және «DORULE» (Қазақстан) этнофольклорлы ансамблінің концерттік нөмірлері.

Анықтама телефондары: 8 (7212) 411626

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.