Шахан кентіндегі қайғылы жағдайға байланысты қайырымдылық акциясы бастау алды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

4 қаңтарда Достық үйінде Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің және «Жомарт» қайырымдылық үйінің ұйымдастыруымен Қарағанды облысында орын алған қаралы жағдайға байланысты «Сыр мейірімі» қайырымдылық акциясы бастау алды.  Қайғыға душар болған отандастарымызға көмек қолын созғысы келген әрбір қалаған жан акцияға қатысып, өз үлесін қосуда.

Сыр елінің халқы көз жұмған отандастарымыздың қазасына ортақтасып, орны толмас қазаға қайғырып, көңіл айтуда.

Бастау алған акция 9-шы қаңтарға дейін жалғасын табады. Акция барысында жиналған  қаржы зардап шеккендердің ортақ есеп-шотына аударылатын болады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.