Шахтинск қаласында дөңгелек үстел өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Медиация институтын дамыту және насихаттау мақсатында, ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Шахтинск қалалық сотында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің басшысы С.М.Шардарбекова төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланған іс-шараға Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің, «Мир добра» ҚБ қызметкерлері, Қарағанды облыстық және Шахтинск қалалық сотының  судьялары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар,  қалалық әкімдіктің, прокуратураның өкілдері қатысты.

Іс-шарада Шахтинск қаласында медиация институтын дамыту жолдары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе жұмыс атқаратын медиаторлардың Шахтинск қалалық сотымен өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, қалалық сотының  төрағасы: медиация институтын кеңінен насихаттау  мақсатында  қалалардағы кинотеатрларда медиация туралы ақпараттық бейнероликтерді тұрақты түрде көрсету туралы ұсыныстары айтып, өз ойын ортаға салды.

Отырыстың қорытындысы ретінде Шахтинск қалалық сотындағы медиация кабинетінде медиаторлардың жұмыс жасау тәртібі, кезекшілік ету кестесі, медиаторлар тарапынан тұрғындарға  құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.