You are here

«ШАҢЫРАҚ» ЖАСТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

07.09.2016, 15:42   722

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Біз бірлік пен келісім құндылықтарын қоғамның іргетасы мен біздің толеранттылығымыздың негізі еттік. Бұл құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу - міндетіміз.».

Н.Ә.Назарбаев

Елбасымыз Қазақстан халқына «Нұрлы жол – Путь в будущее» жолдауында «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі» деп айтқан болатын. Жыл сайын біздің мемлекетіміз өскелең ұрпаққа жаңа мүмкіндіктердің есігін айқара ашуда. Жастарымыздың дамуы мен жетілуіне арналған әр түрлі бағдарламалар бар. Олардың қатарына: «Нұрлы жол», «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы, «Дипломмен - ауылға» жобасы және түлектерді қолдауға арналған «Жастар тәжірибесі» кіреді.

Бүгінгі күні Қазақстанның әрбір аймағында әртүрлі этностық топ өкілдерінің басын қосатын этномәдени бірлестіктер қызмет етуде.

2016 жылдың тамыз айынан бастап Жезқазған қаласында Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Шаңырақ» жастар қауымдастығы өз жұмысына кірісті. Бұл бастаманың ең басты мақсаты – әр түрлі ұлт өкілдерінің белсенді жастарының бірігуі, біздің мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін күштерді жұмылдыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында жастарды белсенді түрде жұмысқа араластыру, сонымен бірге, өз шығу тегіне және тарихына қызығушылығын арттыру.

30 тамыз күні Алашахан алаңында Жезқазған және Сәтпаев қалаларында тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің басын біріктірген этномәдени фестиваль өтті. Қауымдастық өзінің алғашқы іс-шарасын бүкіл Қазақстанға ортақ мереке – Ата Заңымыздың 21 жылдығын тойлау күніне орайластыруы бекер емес.

«Шаңырақ» жастар қауымдастығы айтулы іс-шараны Жезқазған қаласы «Нұр Отан» партиясының филиалы, Қарағанды қаласы «Нұр Отан» патриясы, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен салалық кәсіподақ «Кәсіп Қазақмыс», Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы мен Жезқазған қаласының қоғамдық келісім Кеңесінің көмегімен ұйымдастырды.

Аталған фестиваль аясында мыс пен жезге бай аумақтың ұлттық палитрасының түрлілігін көрсету мақсатында этномәдени бірлестіктер мен мейрамханалардың арасында ұлттық тағамдарды даярлаудан конкурс өтті.  Байқауда 12 қатысушы 7 ұлттың тағамын пісіруден өз бағын сынады. Алғашқы боп астан дәм татқан Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, Сәтпаев қаласы мәслихатының хатшысы Татьяна Хмилярчук, Жезқазған қаласы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары  Гүлмира Қаженова, қалалық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік мекеме жетекшілері болды.

Тимур Джумурбаев жиналған қауымға Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Шаңырақ» жастар қауымдастығының жұмысы жайлы баяндап берді. Конкурстың нәтижесі бойынша әрбір қатысушы белгілі бір номинация бойынша жеңімпаз атанып, диплом мен сыйлықпен марапатталды.

Достық пен бірліктің мерекесіне жиылған барша тұрғындар мен қоңақтар жезқазғандық жастардың аумақтың көпұлтты тұтастығын сақтаудағы еңбегін жоғары бағалап, түрлі ұлттардың тағамдарымен танысуға берілген мүмкіндікке алғыстарын білдірді. Қала басшылығы өз тарапынан ұйымдастырушыларға алғысын айтып, бұл фестивальдің енді дәстүрлі фестивальдардың біріне айналатындығына сендірді.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

e-mail: info@kelisim.kz

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15