You are here

«Тәуелсіз Қазақстан» Поезы Қарағандыда

02.11.2016, 17:32   210

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қарағандылықтар «Тәуелсіз Қазақстан» Поезын салтанатты түрде қарсы алды.

Іс-шараға облыстық ҚХА, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ қатысты.

«Біздің өңірге қош келдіңіздер! ҚР Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – барлық қазақстандықтар үшін ұлы мереке. Мерейтойлық жылдың алғашқы жобалары, іс-шаралары мен жоспарлары ақырындап бастау алуда. Тәуелсіздік жылдарында үлкен қадам жасап, көптеген жетістіктерге жетті», деді өз сөзінде Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Аубакиров.

«Поезымыздың алғашқы аялдамасы Қарағанды болғаны қуантады. Қарағанды облысы бұл иек индустрия орталығы емес, бұл – этносаралық қарым-қатынастың үлгісі, халықтар достығының көрсеткіші. Біз Қарағандыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы бастау алғанын ұмытпау керекпіз. Біздегі бірлік, достық, өзара түсіністік пен елімізге деген махаббат көздеген табыстың кілті мен негізі болып табылады», - деді поез штабының жетекшісі Әміржан Әлпейісов. Сондай-ақ, Әміржан Әлпейісов «Тәуелсіз Қазақстан» Поезы әлеуметтік бағыттағы міндеттері орындайтынын айтты.

Акцияға қатысушылар Қарағандыда екі тәулік болады. Бағдарламада жеке қабылдаулар, білім саласы, медицина, әлеуметтік қамтамасыз ету, құқықтану салаларындағы кеңес қызметтері. Достық үйіне кездесу өтеді. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына арналған кездесулер мен дәрістерді өткізу жоспарланған

Ертең «Тәуелсіз Қазақстан» Поезы Ақтоғай ауданының тұрғындарына аттанды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15