You are here

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖОЛЖАЗБАЛАРЫ

03.11.2016, 15:32   518

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Пойыз құрамының бір бөлігі кеңес қызметін жүзеге асырып жатқанда, ақпараттық-насихаттық пойыздың екінші бөлігі акцияның негізгі тақырыптарын ашу үшін бірқатар іс-шаралар өткізді. Олардың қатарында жоғары және орта білім беру ордаларының студенттеріне: «Мәңгілік Ел – Болашағы біртұтас елдің рухани негізі», «Бейбітшілік және келісім үлгісі – Қазақстан бренді» атты дәрістер оқылды.

Қарағанды гуманитарлық колледжі мен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде студенттерге дәріс оқушылар қатарында: профессор, пойыз құрамының басшысы Әміржан Әлпейісов, ҚХА мүшесі философия ғылымдарының докторы, профессор Қазбек Казкенов, ҚХА мүшесі Ғосман Төлеғұл, ҚХА жанындағы ғылыми сараптамалық кеңесінің тіл мәселелері  жөніндегі маманы Руслан Шанкөзов, «Қоғамдық келісім» РММ жетекші маманы Әділет Дүйсенбиев және басқалар болды. 

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі туралы өзінің философиялық-тарихи ойларымен бөліскен профессор Қазбек Майлыбайұлы «Мәңгілік елдің» түрлі дәуір ойшылдарының пәлсафасымен ұштасатынына жеті басты тезисті дәлел ретінде келтірді.

«Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций өзінің оқушысына бірде былай деген: «Алысқа қарамайтын, жақыннан шалынады». Ешбір жоспар құрмай, болашағы бұлыңғыр болса да сызбасын елестетпейтіндер өмірде қайта-қайта қателеседі. Елбасымызға шексіз алғысымызды білдіреміз, себебі қолымыздағы «Қазақстан – 2030» және «2050» даму стратегиялары – бұл Н.Назарбаевтың болашақты болжай алуын дәлелдейді», - деді Қазбек Малыбайұлы.  

Ғосман Төлеғұл  мемлекеттік тіл мен онымен жақын ұштасатын сала – ономастика туралы және жергілікті мекендердің атын өзгертуге арналған заң актілерінің қолданылуы, ондағы жаңалықтар туралы айтып кетті. Сонымен қатар, жастарға үнемі алда болуды және еңбексүйгіштікті тіледі.

Келе жатқан мерекелермен құттықтаған Айгүл Сагиева жиылған қауымға жоғарғы және одан кейінгі оқу ордаларындағы жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, педагогикалық оқу орындарының базасында биылғы жылдан бастап, 12 жылдық оқуға негізделген бағдарламаларды үйретуге, абитуриенттер арнайы емтихан тапсыру арқылы өзінің бұл салаға деген икемін анықтап барып, ЖОО-ға түсуге мүмкіндік алғанын және биылғы оқу жылында қосылған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасының арқасында  1000 адамға грант берілгенін айтты.  Ал, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰБТ білім туралы заңға байланысты тек емтихан тапсырудың бір құралына айналатынына назар аудартты.

Білім беру тақырыбының қаржылай жағына үңілген Нұрлан Рысалдыұлы, оқу гранттарына кепілдеме берудің жаңа тәсілдерін ұсынды. Бұл бағдарламаның көмегімен, еш кедергіге қарамастан, абитуриент қалаған мамандығына оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Студенттерді  дін, терроризм, Экспо-2017 тақырыптары қызықтырды.

Ал, дәріскерлер олардың белсенділігіне ғана емес, білімге деген  құштарлығы және әзірбайжан қызы – Милана Сулейманованың Елбасымызға қазақ тілінде білдірген ризашылығына әрі қазақ тіліне деген құрметіне тәнті болды. Сол күні Қарағанды экономикалық университетінде  де «Бейбітшілік және келісім үлгісі – Қазақстан бренді» атты лекция өтті.

Дәріскерлердің құрамында ҚЭУ-дің түлектері де бар еді. Олар жиылған қауымға пойыз мәнін түсіндіріп, оның құрамымен таныстырды. Қарағандының тек Қазақстанда ғана емес, әлемде алар орнын атап кетті.  Аяқталған дәрістерден кейін қатысушылар болған оқу орындарының кітапхана қорларына  Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның құрылымдары жайлы кітаптарды сыйға тартты.

Кешке «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының» құрамы келесі іс-шараға: мәдени Қарағандының жарқын бейнесі - Болат Сыздықовты еске алу кешіне қатысты. Кеншілер мәдениет сарайының залында өткен іс-шарадан кейін бас алаңда композитордың құрметіне жұлдызды тақта орнатылды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15