You are here

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - Тәуелсіздік энциклопедиясы»

13.02.2018, 09:43   54

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 9 ақпан күні «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - Тәуелсіздік энциклопедиясы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға келіп қатысқан Қарағанды қаласының білім беру мекемелерінің басшылары мен тарих пәнінің мұғалімдері өздерінің тарапынан келелі ой-пікірлерін ортаға салды.

Дөңгелек үстелде тарих ғылымдарының докторы В.В.Козина Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегіне өз пікірін берді. Сонымен қатар, аға оқытушы Н.Б.Смағұлов «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі қазіргі Қазақстан тарихының дерек көзі» деген тақырыпта жасаған баяндамасында бұл еңбекті мектеп оқушыларына түсіндіруде белгілі бір әдістемелік негіздерге сүйенудің керек екенін айтты. Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты Мәңгілік Ел мұратына ұмтылған халқымыздың тұтас энциклопедиялық тарихи шежіресі іспеттес еңбегі 4 бөлімнен 32 параграф пен 260 тақырыптан тұрады. Үшінші бөлімнің жетінші тарауында автор «Біздің ұлттық моделіміз – ынтымақ, келісім және диалог» деп атап өтті. Жасампаздық пен өркендеу егіздей отыра, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі орасан зор рөліне ерекше тоқталады. Бұл тақырып қай салада болмасын өте манызды екені сөзсіз.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15