You are here

«Тәуелсіздік – таңның нұры»

13.12.2017, 11:11   172

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Достық үйінің кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қарағанды облыстық бірлестігі «Видергебурт» неміс орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Полония» облыстық поляк қоғамымен бірлесе отырып «Тәуелсіздік – таңның нұры» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері және № 23 орта мектебінің ұстаздары мен 8 сынып оқушылары қатысты.

Мерекелік шараны ашқан жүргізушілер айтулы күнді атап өтуге қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

XX ғасырда Қазақстанның Тәуелсіздік үшін күресі және өзінің жеке даму жолын таңдап, қазіргі уақыттағы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі еткені туралы танымдық әңгімені оқушылар аса зейін қойып тыңдады.

Іс-шара барысында Тәуелсіз Қазақстан, Президент, Ел ордасы - Астана, Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы достық туралы өлеңдер мен әндер айтылды.

Балалардың тапқырлығын тексеру мақсатында «Өз Отаныңды білесің бе?» атты  викториналық-байқауы өткізілді. Соңында жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

«Менің Тәуелсіз Қазақстаным», «Ел ордасы - Астана» тақырыбында бейнебаяндар көрсетілді.

Мерекелік іс-шара өте қызықты, көңілді, танымдық тағылымы мол жағдайда өткізілді. Қорытындысында №23 орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, аталған шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.

Кітапханада «Елбасы-елімен бірге» және «Отаным менің – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Достық үйінің кітапхана басшысы қатысушыларды жаңа әдебиеттермен таныстырды.

 

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15