You are here

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ

05.10.2016, 19:27   449

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Көп ұлтты Қазақстан халқын біріктіруші факторлардың бірі – үлкендерге деген құрмет. Ата-әжелерімізді ардақтау этносаралық қарым-қатынасты нығайтады әрі отбасылық құндылықтардың сақталып, қазақстандық патриотизмнің дамуына үлес қосады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұрпақтар сабақтастығының, ақсақалдар мен ардагерлерге деген құрметтің жоғалмауына аса үлкен көңіл бөлуде, себебі үлкендердің тәжірибесі мен білімі – өте бағалы.

3 қазан күні Жезказған қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған интернатында Халықаралық қарттар күніне орай, «Шаңырақ» жастар мекемесінің қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шарасы өтті.

Бұл күні аталар мен әжелер қуанышқа кенеліп, өздерін күндегіден жақсырақ сезінді, себебі, белсенді жастар тек концерт  ұйымдастырып қана қоймай, қамқорлық пен жақсылыққа толы сезім сыйлады.

Мерекелік көңілді өңірімізге белгілі «Жезказганские жемчужины» ардагерлер хоры өз репертуарларындағы әндермен жандырды. Олардан қалыспай, «Шаңырақ» жастар ұйымының белсенді мүшелері де жиылған қауымға өнерлерін паш етті.

Концерттік бағдарламадан кейін, қарттар қонақтармен бірге  дастархан басына жайғасып, өз жастық шағымен бөлісіп, кезінде танымал болған әндерді айтып, би биледі.

«Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира  Қаженова және «Шаңырақ» жастар ұйымының белсенді мүшесі Ерман Абдулов интернаттың ата-әжелерін мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен қажымас қайрат тіледі. Сонымен қатар, бұдан былай «Шаңырақ» жастар ұйымының мүшелері бұл үйдің тұрақты қонағына  айналатынын сендірді.

Кездесу интернат басшылығы мен тұрғындарының жастар ұйымдастырған қамқорлық пен жылылыққа толы іс-шараға деген ыстық лебіздерге толы алғысымен аяқталды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15