Ұлытау – ұлт ұясы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қарағанды облысында өткізіліп жатқан «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы жалғасын табуда. 23-24 қыркүйекте қатысушылар киелі Ұлытау мекеніне сапар шекті.

Ең алдымен, Ұлытау кентіне бірнеше шақырым жерде орнатылған «Халық бірлігі мен мемлекет тұтастығы» стеласы таныстырылды. Аудан орталығында ұйымдастырушылар мен жастар құрамын тұрғындар «Ұлы хандарды ұлықтау» ескерткішінің алдынан қарсы алды. Бұл жерде Қазақ хандығын басқарған хандардың есімдері аталып, олардың мемлекет басқарудағы батылдығы, даналығы мен көрегендігі айтылып, тарих беттеріне шолу жасалды. Әрі қарай «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Екінші күнге жоспарланған басты шаралар Ұлытау таулары баурайында тігілген киіз үйде өтті. «Тілдарын» қазақ тілін оқыту бағдарламасы алғашқы күннен қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Мемлекеттік тілді үйренудегі пайдалы әдістемелермен танысып, тілді жаттықтыру мақсатында түрлі ойындар ойнатылды. Оқытушылар қазақ халқының киелі шаңырағы – киіз үйдің жабдықтары және әдет-ғұрыптар туралы мол ақпарат берді.

Қазақ халқы қонақжайлығымен ерекшеленетін ұлт. Қазақтың ұлттық тағамдары мемлекетімізде тұрып жатқан этностарға етене жақын. Қатысушылар ошақ басында бешбармақ пісірудің қыр-сырын үйренді, бауырсақ пісіріп, ұйымдастырушылардың ризашылығына бөленді.

Жобаның басты мақсатының бірі – тарихи жерлермен танысу болатын. Осы орайда ұйымдастырушылар жастарды ұлан-асыр оқиғаларды бастан өткерген, ел басына күн туған шақтарда халыққа пана болған таулар басына алып шығып, түрлі тарихи оқиғаларды мазмұндап берді. Қатысушылар тау басының биіктігінен қазақ композиторларының патриоттық әндерін орындады.

Ұлытау – киелі жер. Бұл өлкеде шипалы бұлақтар өте көп. Гулсары-Ана бұлағында балалар да болып қайтты.

Қатысушыларға ұлттық ойындар ұйымдастырылды, оның ішінде тапқырлыққа, ептілікке бейімдейтін «Алтыбақан» ойыны ойнатылды.

Келесі күні мәдени-ағартушылық «Мың бала» жобасының қатысушылары «Ұлы Дала Елі» экспедициясының мүшелерімен тарихи маңызды мекен «Хан Ордасында» кездесті. VIII-XVIII ғасырлар аралығындағы Түркі қағандары мен Қазақ хандарының ордасы болған жерге арнайы экскурсия жүргізілді. Мұнда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай "Хан Ордасы" ескерткіші орнатылған.

Әрі қарай киіз үйде қазақ тілін оқыту бағдарламасы жалғасты. Негізгі тақырыптар ҚР мемлекеттік рәміздері мен географиясын қамтыды. Жастар екі топқа бөлініп, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары қағаз бетіне сурет қып түсіру тапсырмасы берілді. Балалардың талабы мен таланты оқытушылардың көңілінен шықты.

Бұдан кейін қатысушылар Қазақстанның түсті металлургия орталығы болған Жезді ауылына келді. Бұл жерде Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайының бай қоры «Мың бала» жобасы қатысушыларына қайталанбас әсер қалдырды. Аталмыш музей – тау-кен және балқыту ісі саласына арналған ТМД бойынша жалғыз ғылыми-танымдық мекеме. Балалар көне әдіспен саздан құмыра жасап көрді.

Қорытынды күні жоба қатысушылары «Тілдарын» қазақ тілін оқыту бағдарламасын тағы бір пысықтады. Сабақ соңында қатысушылардың жоба барысында алған әсерлері жайында шығарма жазып, оны мемлекеттік тілде жеткізуге тырысты.

Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды. Жезқазған қаласы Қоғамдық келісім кеңесінің меңгерушісі Бекзат Алтынбеков пен музей директоры Зинаида Чумакова балаларға жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim@bk.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.