You are here

ЖҮРЕК ҚАРТАЯ МА ЕКЕН?

07.10.2016, 17:14   411

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 игі іс» акциясы аясында Сәтпаев қаласында «Дослық» татар-башқұрт этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Қартаямени соң йөрэк?» атты кездесу өтті.

Іс-шара қала әкімшілігі мен Гүлбике мен Нұрзида Быгымановалар және Мархаба Киекбаева сияқты жанашыр тұрғындардың қолдауымен өткізілді.

Ғажайып кеш бұрын-соңды елде болмаған ата-әжелердің қатысуымен өткен флеш-мобпен басталды. Үлкендер қауымы қазақ, орыс, украин, литва, кавказ әрі татар әуендеріне биледі, себебі шақырылғандардың көбі қаланың барлық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері еді. Көшедегі жүргіншілер тоқтап, қарттардың билеп жүрген әсем де таңғажайып билерін ілтипатпен, махабатпен бақылады: кейбір флешмобшылардың таяқ сүйеніп жүріп билеуі - жанының жастығын көрсетсе керек.

Кафенің ішінде қоңақтарды әлі талай тосын сый күтіп тұрды. Залдың рәсімделуі, мерекелік дастарқан, концерттік бағдарлама – барлығы жастық шақты еске алуға итермеледі. Мерекелік концертті «Волшебные сапоги» атты биімен Анель Кузнецова ашты. Оны өз сөзінде тойдың құрметті қонағы – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Зұлпа Сүпиянқызы Чумакова айтып кеттті: «Адамдарыңыз қаншалықты өнерлі – қарттардың флеш-мобы және ұрпақтар сабақтастығы ретінде мына қыздың тамаша биі».

Ал, Аленаның «Ходит наша бабушка» атты өлеңі ешкімді бей-жай қалдырмады әрі ешкім көзге келген жасты жасыруға тырыспады.

Іс-шара барысында өнер көрсеткен жас бишілер мен гармонистер, әншілер мен әзілкештер қошеметтің бәрін өз қанжығаларына еншіледі. Осы керемет театрландырылған қойылымдардың арасында көрермендердің көңілін одан әрі жандандырған, бағдарламаны төрт тілде – қазақ, орыс, татар және башқұрт тілдерінде жүргізген жүргізушілер еді.

Ұйымдастырушылар іш пысуға кетуге мүмкіндік бермеді: ата-әжелер өлең айтып, билеп,  байқауларға қатысты және сыйлықтар ұтып алды. Сонымен қатар, қатысушыларды таңғалдырған тағы бір сәт – әжелердің қолдарымен дайындалған астың жиылған қауым назарына ұсынылуы еді.

Ең үздік тағамдар номинацияларды еншілеп, әжелер демеушілердің сыйлықтарымен мадақтау қағаздарын алды.

Кеш соңында қала әкімінің орынбасары «Дослық» этномәдени бірлестігінің белсенділері: Әлфинұр Нәбиуллина мен Венера Гарафиеваға және Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Фаузия Каримоваға алғыс хаттары табыс етті.

Бұл кездесу жүзіңізге әжім түсіп, шашыңыз ағарса да, жүрек қармайтынын дәлелдеді.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15