Оқиғалар күнтізбесі
Достық үйі
Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қызмет түрі: |
Әлеуметтік сала нысаны |
Меншік нысаны: |
мемлекеттік, коммуналдық мемлекеттік мекеме |
Орналасқан жері:
|
Қарағанды қ. Кеншілер даңғылы, 64 |
Жұмыс орындарының саны:
|
64 |
Орналастырылған этномәдени бірлестіктердің және қоғамдық ұйымдардың саны:
|
облыстық маңызы бар 22 этномәдени бірлестік
1 Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Қарағанды облыстық филиалы-қоғамдық бірлестігі"
|
Пайдалануға берілді: |
2015 ж.
|
Толтырылу: |
Дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізуге арналған отырыс залдары (мәжіліс залы), 430 орындық концерт залы, 100 орындық конференц-зал, 120 орындық "Атриум" залы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мұражайы мен кітапханасы, "Шабыт" көрме залы, халық шығармашылығы кабинеті, "Күй-керуен" орталығы, этно-мәдени орталықтарға арналған кеңселік үй-жайлар (23 бірлік), лингафондық кабинеттер (мемлекеттік тілді, ағылшын тілін, сондай - ақ басқа да тілдерді оқытуға арналған -3 бірлік), би залы.
|
|
|
Мақсаттары және міндеттері |
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және басқа да қолдаудың тиімді жүйесін құру. |
Қызметтің міндеттері:
1) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;
2) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға жәрдемдесу;
4) демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға атсалысу;
5) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін елде және шетелге танымал ету;
6) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру;
7) этносаралық қатынастар саласында, оның ішінде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласына мониторингті жүзеге асыру;
8) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша заң жобаларының қоғамдық-саяси сараптамасына қатысу; 9) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, даулы жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу;
10) этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек;
11) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарларды, конференцияларды өткізу, сондай-ақ өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;
12) Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
13) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласында қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу;
14) Қазақстан этностарының тарихи Отанымен байланысын дамытуға жәрдем көрсету;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.
Құсайын Ерлан Бейсембайұлы
Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ директоры
8-701-077-29-79, 90-03-07