А.Идигов: Болашаққа жол көрсетер шамшырақ болу – Елбасыға Алламен берілген миссия

А.Идигов: Болашаққа жол көрсетер шамшырақ болу – Елбасыға Алламен берілген миссия

Версия для печати

А.Идигов, ҚХА мүшесі, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы:

«Біздің әрқайсымыз үшін Елбасымен кездесу өмірлік жадымызда сақталған оқиғаға айналды. Мен өмірімде Елбасымен 7 рет кездестім.

Ол үнемі жан-жағында жарық, таза, мейірімді, ерекше аура қалыптастырып жүреді. Шынайылық, қолжетімділік, керемет есте сақтау, қарапайымдылық, әзілді түсіне білу.

Оның мына сөздерін есімде жақсы сақтап қалдым: «Адам бақытты сәтін байқамайды. Оны тек одан айрылғанда ғана бағалай бастайды».

Бұл біздің бейбітшілікте, келісімде, игілікте бақытты өмір сүріп жатқанымызды түйсіне бермейтінімізге меңзейді.

Бірінші рет Нұрсұлтан Әбішұлымен 1992 жылы кездестім. Талдықорған облысының сол кездегі әкімі Сағымбек Тұрсыновпен бірге Президентті Талдықорғанның әуежайынан күтіп алған едік. Ол жанында 3-4 адам бар, ұшақ трапынан түті. Барлығының қолын алды. Әкіммен амандасып, бізге жақындап келді. Күлімсіреп тұрып: «Сағымбек, қарап тұрсам, сенің командаңда кіл қайратты жігіттер, тіпті кавказдық та бар екен» деді. Менің шешен екенімді білген соң, «Нохчи ву?» деп сұрады. Бұл «Сен шешенсің бе?» дегенді білдіреді. Мен мұндайды күтпеген соң сасқалақтап қалдым, бірақ өзімді тез жинап алып «Ву» - «Ия» деп жауап бердім.

Арқамнан қағып, жанындағыларды көрсетіп: «Біздің қандай құпия айтып тұрғанымызды болжасын» деп әзілдеді.

Кейін Нұрсұлтан Әбішұлының бала кезінде түрлі ұлт өкілдерімен бірге өскенін, олардың арасында шешендер де болғанын білдім. Оның әкесі Әбіш ата да өзге ұлт өкілдерімен сөйлескенде, сөз арасында олардың тілдерінде сөйлеп қалатын болыпты.

Біздің келесі кездесуіміз 1995 жылдың наурыз айында Қазақстан халқы Ассамблеясының бірінші сессиясында болды.

Біз орындарымызға жайғастық, менің орным шетінде екен.

Президент кірген кезде, ол менің артымда отырғандармен амандасып, содан кейін маған таяп келді де, менің қолымды қаттырақ қысып амандасты. Шағын сұқбаттасудың сәті түсті.

- Қалың, көңіл-күйің қалай?

- Керемет, Нұрсұлтан Әбішұлы.

- Қандай мәдени орталықтансың?

- «Вайнах» шешен-ингуш орталығы.

Ол маған мұқият зер салып, күлімсіреді:

- Меніңше, біз таныс секілдіміз.

- Ия, осыдан үш жыл бұрын Сізді Талдықорған әуежайынан күтіп алған едік.

- Есімде, мұндай болған.

Нұрсұлтан Әбішұлы бізге оның балалық шағы интернационал отбасында өткенін айтып берді. Қазақтар, балқарлар, шешендер, орыстар, укриндер барлығы бірге тұрған. Бір үлкен отбасындай болған. Ассамблеяны да достық пен ынтымақты нығайту үшін құрды.

- Жақсы, бізге барлығымызға сәттілік тілеймін, - деген еді ол алақандарын жоғары көтеріп.

2005 жылы Талдықорғанның орталық алаңында Президенттің іссапары кезінде мен Нұрсұлтан Әбішұлын шешен-ингуш мәдени орталығының өкілі ретінде қарсы алдым. Оны қазақ тілінде сөйлеп қарсы алғанымда, ол күлімсіреп: «Мемлекеттік тілді меңгергеніңіз жақсы. Бұл дұрыс. Ол біздің барлығымызды біріктіруші мықты факторға айналуы тиіс. Егер барлығымыз, ұлтымызға қарамастан, қазақша білетін болсақ, біз бір-бірімізге жақындай түсіп, бір-бірімізді жақсырақ түсінетін боламыз», - деді.


Мен өз кезегімде Президентке алғысымды білдіріп, музыканттарға команда бергенім сол еді, кавказ әуені ойнап кетті. Нұрсұлтан Әбішұлы маған қарап: «Бұл не, лезгинка билеу керек пе?» деп сұрады. Мен басымды изедім. Ол Мадинамен бірге би алаңына шықты. Бұл керемет болды. Оған қарап тұрып, «Біздің халықтарды біріктіру, этносаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту үшін барлығын жасайтын мұндай көшбасшымыздың болғаны қандай керемет» деп ойладым.

Міне, 28 жылдан бері Ұлт көшбасшысы Данко секілді жол көрсетіп, біздің туған Қазақстанымызды жарқын болашаққа жетелеп келеді.

80 жылдық мерейтойы қарсаңында Нұрсұлтан Әбішұлына ұзақ ғұмыр мен таусылмас қуат тілеймін. Ол ары қарай да біздің шамшырағымыз бола берсін. Бұл Алламен оған берілген миссия».

Back to the list