Ақмола облыстық ҚХА жастар арасында шағын футболдан дәстүрлі турнир өткізді

Ақмола облыстық ҚХА жастар арасында шағын футболдан дәстүрлі турнир өткізді

Версия для печати

Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығы, Ақмола облысының орыс қауымы,  «Бари» армян мәдени орталығы, Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдени орталығы және чуваш этномәдени орталықтарымен бірге жұмыс істейтін жастар арасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Кубогына арналған шағын футболдан үшінші мәрте дәстүрлі турнир өткізді.

 DSC_0062.JPG

Командалар арасындағы ойын тәртібі жеребе тастау арқылы айқындалды. Футболшыларды да, көрермендерді де барлығы 6 ойын күтті. 

Турнирге қатысушылар алдында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева құттықтау сөз сөйлеп, шағын футболдан өтіп жатқан турнирдің негізі салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, әр түрлі ұлт жастары арасында үйлесімді қарым-қатынастарды дамытуды көздейтінін атап өтті.

DSC_0074.JPG

Спорттық турнирге 4 команда – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының командасы, «Регион» ФК, ПД және КТИ қатысты.

Матч бойы Ақмола облыстық ассмаблеясының командасы сенімді ойын көрсетіп, барлық кездесуде жеңімпаз болды. Бірінші орын және тиісті кубок Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы командасының еншісінде. Екінші және үшінші орындар «Регион» ФК және КТИ командаларына бұйырды. Олар диплом және медальдармен марапатталды.

Back to the list