Ақтөбенің оқу орындары «ҚХА - 25 жыл» мерейлі эстафетасына белсенді ат салысуда

Ақтөбенің оқу орындары «ҚХА - 25 жыл» мерейлі эстафетасына белсенді ат салысуда

Версия для печати

Ақтөбе қаласының оқу орындары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы аясында «ҚХА - 25 жыл» эстафетасын тапсыру рәсімі С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінде өтті.

Аталмыш шара студент жастарға Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы Ассамблеяның маңызы мен негізгі жұмысын түсіндіру, «ҚХА - 25 жыл» эстафетасын салтанатты түрде табыстау мақсатында ұйымдастырылды.

Ел ішіндегі тыныштық пен ұлттар арасындағы татулықтың шаңырағына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына арналған шарада «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н.Ағниязов сөз алып, студенттерге Ассамблеяның даму тарихы мен қоғамдық келісімді нығайтуда атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Салтанатты шараға жиналған жастар да мекеме мамандарына сан ұлттың басын біріктірген Ассамблея туралы қызықтырған сауалдарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

Шара соңында С. Баишев атындағы университеті Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл мерейтойлық эстафетасын салтанатты түрде Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне тапсырды.

Back to the list