Ақындар өлеңін оқыды

Ақындар өлеңін оқыды

Версия для печати

«Туған жерім – Қазақстаным» ақындық сайысы «Адырна» ұлттық-этномәдени бірлестігі жүзеге асырған бірегей жобаға айналды. Байқау Қазақстанның үш қаласында – Қостанай, Көкшетау және Петропавлда өткізілді.


Петропавл қаласының Достық үйінде өткен сайысқа 14 пен 29 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатысты. Барлығы он үш жас өрен қазақ ақындарының жыр маржандарын оқып, сахна төрінде қайта жаңғыртты.


Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды «Коперник» Солтүстік Қазақстан облыстық поляк мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының белсенді мүшесі, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп – кешенінің поляк бөлімінің оқушысы Яна Захарченко иеленді. Оған ақшалай 80000 теңгеге сертификат берілді. Сондай-ақ, 2 орын және 50000 теңгелік сертификатқа Ғ.Мүсірепов ауданынан келеген мұғалім Сергей Воронцов ие болды. 3-ші орынды және 30000 теңгелік сертификатты ЛОРД дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының оқушысы Полина Филиппова иеленді. Қалған қатысушыларға да сыйлықтар ұсынылды.


Ақындық кеш форматындағы сайыс Достық үйінде алғаш рет өткізіліп отыр.


 

 

Back to the list