Алматы: «Қазақстан – менің тағдырымда» хрестоматиялық басылымының осызаманғы поэзия мен авторларға арналған бірінші томының тұсауы кесілді

Алматы: «Қазақстан – менің тағдырымда» хрестоматиялық басылымының осызаманғы поэзия мен авторларға арналған бірінші томының тұсауы кесілді

Версия для печати

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25-жыл толуына орай «Қазақстан – менің тағдырымда» атты халықаралық «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шара аясында М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Қазақстан – менің тағдырымда» атауымен жаңа оқу-практикалық басылымының тұсаукесері өтті.

Отан концептісі мен жады концептісі ажырамас бірбүтін болып табылатын әртүрлі ұлт ақын-жазушыларының шығармашылығын қашанда туған елі Қазақстан шабыттандырып отыратыны сөзсіз.

Хрестоматияның бірінші томы «Поэзия» қазіргі заманғы қазақ, орыс, ұйғыр, корей, неміс, өзбек, күрді, татар, беларус поэзиясы мен республикамыздағы түрік, осетин, шешен, балқар және дүнген әдебиеттерінің жекелеген өкілдерінің шығармаларына арналған.

Көркемсөз шеберлері шығармашылығының маңызды ерекшелігі және оның өзіне тән құрамдас бөлігі: бір ұлттық мәдениет пен әдебиеттің аясынан принципті түрде шығып, оны қазақ әдебиетінің салт-дәстүрімен байыту. Қазақстанда тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің ақындары мен жазушылары Ұлы даламен терең туыстық тамырлар арқылы байланысқан.

Кіші отан, Ұлы дала, патриоттық тәрбие сарындары – қазіргі заманғы көркем сөз шеберлерінің поэзиясындағы ең маңыздысы. «Қазақстан – менің тағдырымда» хрестоматиясының бірінші – «Поэзия» томына қазақ тақырыбы мен проблематикасына арналған Башқұртстан, Беларусь, Германия, Кабардин-Балқар, Ресей ақындарының өлеңдері мен поэмаларынан алынған үзінділерді қосу – хрестоматияның ерекшелігі және оның композициялық өзгешелігі болып табылады. Қазақстан бүкіл әлемдегі қазіргі заманғы мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің шығармашылығы мен тағдырына, әр түрлі елдер мен континенттердегі оқырмандардың жүрегіне енуде.

Back to the list