Алматы: Қазақстандағы молдавандардың мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған мерекелік фестиваль өтеді

Алматы: Қазақстандағы молдавандардың мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған мерекелік фестиваль өтеді

Версия для печати

6 ақпанда сағат 11.30-да Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның молдаван қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Достық үйінде (Құрманғазы көшесі, 40) Қазақстандағы молдавандардың мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған «Менің Отаным - Қазақстан!» атты мерекелік фестиваль өтеді.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ҚХА мүшелері, ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің, Қазақстанның «Стругураш» молдаван этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі филиалдарының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен ҚХА жастар қанаты қатысады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестивальдің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту; қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, азаматтық біртектілік қалыптастыру; Қазақстандық бауырлас халықтар арасында әріптестік байланыс орнатып, достық қарым-қатынастарды арттыру.

Іс-шара аясында «Менің Отаным - Қазақстан!» тақырыбында дөңгелек үстел, «Әдеби әлем: адамдар, оқиғалар, фактілер» атты кітаптар көрмесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Михаил Грозаның жеке сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының жеке көрмесі, сондай-ақ шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді.

Анықтама үшін: Қазіргі уақытта Қазақстанда 19,5 мың молдован тұрады, оның 3000-ы Алматы қаласын мекен еткен.

2006 жылы «Стругураш» Молдавия мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Молдавия этномәдени бірлестігі этносаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыруға өз үлесін қосады.

Back to the list