Алматы облысы мақтааралдықтарға гуманитарлық көмек жіберді

Алматы облысы мақтааралдықтарға гуманитарлық көмек жіберді

Версия для печати

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімдері Оңтүстік өңіріне, мақтааралдықтарға гуманитарлық көмекті жалғастыруда.

Бүгін Достық үйінде «Біз Біргеміз» акциясы өтіп, респбуликалық ұйғыр этномәдени орталығының Талдықорғандағы филиалы және республикалық корейлер қауымдастығының аумақтық филиалы бірлесіп, Түркістан облысына қайырымдылық көмек жіберді.


Үлкен жүк автокөлігіне тиелген 3 миллионға теңгеге жуық қайырымдылық көмектін ішнде 140 қорап азық – түлік жиынтығы және күріш пен қант ораза айт мерекесінің қарсаңында арнайы жөнелтіліп отыр.

Бұл – Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті көмегі. Бұдан бөлек, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктер, Ассамблея мүшелері, Аналар, Қоғамдық келісім кеңестері бірлесіп, жарты миллионға жуық қаржылай көмек жіберді.

Back to the list