Алматыда ҚХА БАҚ өкілдеріне онлайн брифинг өткізді

Алматыда ҚХА БАҚ өкілдеріне онлайн брифинг өткізді

Версия для печати

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен онлайн брифинг өтті.

Оның барысында төтенше жағдай кезінде халыққа қолдау көрсету шаралары сөз болды. Қатысушылардың әрқайсысы баяндама жасап, спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов қазақстандықтарды келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

«Қазақстан дүнген қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбубәкір Войнце де барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, мерекенің 25 жыл бойы аталып келе жатқанын тілге тиек етті.

«Бұл қиын уақытта ел үшін жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық та өте маңызды", - деп атап өтті өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Вакиль Набиев.

Back to the list