Анкарада Қ. Тоқаевтың «Тарих жасаған тұлғa» атты кітабының тұсаукесері өтті

Анкарада Қ. Тоқаевтың «Тарих жасаған тұлғa» атты кітабының тұсаукесері өтті

Версия для печати
Анкарада Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің және Халықаралық Түркі Академиясының қолдауымен түрік тілінде жарық көрген Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарих жасаған тұлғa» атты кітабының тұсаукесері өтті. 

d3f63dde-47b0-4be4-9d9b-6a804209b4c3.jpg

30 жыл бойы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге қызмет атқарып келе жатқан Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының адамгершілік қасиеттері, қарапайымдылығы сынды ерекшеліктерімен қатар, қызметтік белестері, оның қиын-қыстау кезеңдердегі игілікті істері жайлы естеліктерін жинақтаған. 

Кітапта Елбасының сарабдал саясаты, көреген көшбасшылығымен жүзеге асқан халықаралық деңгейдегі бастамалары да орын алған. Кітапты белгілі қаламгер, дипломат, Халықаралық «Жамбыл» сыйлығының лауреаты Мәлік Отарбаев түрік тіліне аударған. Аталған жиынға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Түркі Кеңесі Ақсақалдар Кеңесінің мүшесі профессор, ғылым докторы Әділ Ахметов, Түркі Кеңесінің құрушы бас хатшысы, елші Халил Акынжы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев, сондай-ақ көптеген мемлекет қайтаркерлері, ғалымдар, зиялы қауым және дипломатиялық миссия өкілдері қатысты. 

2f6c2514-bbae-4703-a9e9-5a524ea28ac9.jpg

Сонымен қатар, Түркия Республикасы Президентінің орынбасары Фуат Октай, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп атынан құттықтау жедел хаттары келіп түсті. Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Түрік халықтарының жетістіктерін болашақ ұрпаққа жеткізу керек екендігін, сол тұрғыдан «Тарих жасаған тұлғa» кітабының құнды еңбек екендігін атап өтті.

9ffe4828-6ee8-4d4b-8376-7c7f5c68e14c.jpg

Back to the list