Қарағанды: Әлия Молдағұловаға арналған әдеби-музыкалық кеш

Қарағанды: Әлия Молдағұловаға арналған әдеби-музыкалық кеш

Версия для печати

Қарағандының Достық үйінде «Aibyn-Arqa» әскери-патриоттық клубының отырысы өтті. Айта кету керек, биылғы жылдан бастап клуб ай сайын қазақ батырлары мен Қазақстан батырларын еске алу кешін өткізуді қолға ала бастады.

«Бүгін біз Әлия Молдағұловаға арналған әдеби-музыкалық кеш өткіздік. Концертте ән мен күй шырқалды. Сонымен қатар «Әлия» драмалық спектаклі қойылды. Осы кеш аясында біздің клуб Әлия Молдағұлова атындағы спорт мектебімен бірлесіп Жеңіс күніне арналған тақырыптық көрме өткізді. Оған өлкетану мен бейнелеу өнері мұражайлары қорынан алынған суреттер, фотосуреттер мен құжаттар, сондай-ақ спорт мектебінде сақталған кітаптар, кубоктар мен медальдар қойылды», - деді ұйымдастырушы Қуаныш Мақсұтов.


«Елбасының тапсырмасы бойынша жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үшін облыстық ҚХА қолдауымен Достық үйінің жанынан «Айбын» клубы құрылған болатын. Шара аясында ардагерлер және қоғамдық ұйымдармен келісе отырып, әскери-патриоттық клубтың жетекшілері мен Ережелері бекітілді. Бүгін біз клубымыздың отырысын өткізіп, өткен жылдың қорытындысын шығарып, 2020 жылға арналған жоспарды талқыладық», - дейді облыстық Ассамблея өкілдері.


«Aibyn-Arqa» клубының мақсаты - жастарға патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ жастардың Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлерімен және жас сарбаздармен бірлесе жұмыс істеу үшін платформа құру болып табылады.

Back to the list