Архимед Мұхамбетов: Ғылым мен техниканың дамуына қарамастан, әлемге қауіп төндіретін факторлар бар

Архимед Мұхамбетов: Ғылым мен техниканың дамуына қарамастан, әлемге қауіп төндіретін факторлар бар

Версия для печати

Қостанайда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті.


Қостанай облысының әкімі мен Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның мәжіліс залында бас қосты.

«Ғылым мен техниканың дамуына қарамастан, әлемге қауіп төндіретін факторлар бар. Әскери қақтығыстардың туындауының негізгі себебі - этносаралық шиеленіс, діни экстремизм. Мұндай қақтығыстар берік елдің іргетасын бұзуы мүмкін. Жаһандық цифрлық коммуникациялар арқылы деструктивті діни ағымдар насихатталуда.

Біз қатыгездікке жол бермеуіміз қажет. Елбасымыздың көреген саясаты мен Қазақстан халқы Ассамблеясының келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған жұмысының арқасында еліміз аман, жұртымыз тыныш. Біздің ұлттық бірлік саласындағы бағытымыз дұрыс. Көпұлтты Қазақстан үшін этносаралық келісімнің тұрақтылығы мемлекеттік саясаттың маңызды алғышарттарының бірі», - деді аймақ басшысы.

«2019 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы 15 мыңнан астам адам қатысқан ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған 86 қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шара өткізді. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының негізгі бағыттарының бірі – аймақта тұратын этникалық топтардың әлеуметтік бастамаларын қолдау. Этномәдени бірлестіктер ауқымды жобалардың бастамашылары. «Татар қызы» сұлулық және дарындылар байқауы, еңбек пен достық мерекесіне айналған «Сабантой», «Эребуни» армян бірлестігі бастамашы болған «Аналар және сұлулық күні», корей этномәдени бірлестігі жүзеге асыратын  «Сольналь», «Тіршіліктің төрт құдыреті» сынды ауқымды іс-шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері «Қазақтану» жобасының аясында жоғары сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарында білім алушы студенттер арасында брейн-ринг, іскерлік, зияткерлік ойындар, дәрістер ұйымдастырып, өткізді, іс-шараларға 15 спикер және 200 астам білімпаз қатысты. Қоғамдық келісім кеңес мүшелері «Кедергіге жол жоқ» атты әлеуметтік жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нысандардың талапқа сай болуын қадағалауда. Медиация кеңесі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мектептік  медиацияны дамытуға, медиация институтының механизмдерін білім беру кеңістігіне енгізуге, білім алушыларға медиация негіздерін, дау-дамайларды тиімді шешу дағдыларын меңгертуге бағытталған «Мектептегі медиация  және халықтық дипломатия» жобасын іске асыруда. Аналар кеңесі «Мейірімді қолдан шыққан ыстық нан», «Ашық жүрек», «Таза ауадағы ойын», «Мерекелік дастарқан», «Кітап сөресі» сынды акциялар өткізді, іс-шараларға 736 адам қатысты», - деп баяндады облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қызметінің басым бағыттарының бірі - қайырымдылық.

«2019 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қайырымдылық керуені» күнтізбесі аясында  әлеуметтік маңызы бар 434 іс-шара ұйымдастырылды, облыс бойынша 124 000 адам қатысты. Әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға азық-түлік, тұрмыстық техника, балаларға арналған заттар, дәріл-дәрмек табысталды,  67 млн. теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді», этномәдени бірлестік мүшелері қайырымдылықпен айналысады, игі іс жасау жолында шетте қалмайды. Арыс қаласының тұрғындары үшін «Возрождение» неміс мәдени орталығы 1 млн теңге, «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігі 1,5 млн теңге бөлді, «Бірлік» әзірбайжан  бірлестігі 5 тонна ұн, армян этномәдени бірлестігі мен Сібір казактарының қауымдастығы киім-кешек, тұрмысқа қажетті  тауар жіберді . Облыстық Достық үйінде гуманитарлық көмек қабылдануда», - деді хатшылық меңгерушісі.

Облыс әкімі этномәдени бірлестік өкілдерінің қайырымдылықты дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

«Арыс қаласында болған қайғылы жағдай бәрімізге ортақ. Біздің күшіміз бірлікте. Бәріміз көмек көрсетуіміз қажет. Біз ұн, макарон өнімдерін жібердік. 28 маусым күні Қостанай облысының құрылысшылары мен жобалаушылары Арыс қаласына барады, қираған нысандарды қалыпқа келтіруге атсалысады», - деді облыс әкімі.

Архимед Мұхамбетов сессия жұмысын қорытындылай келе, Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдық бөлімшелерінің қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жұмысының, сондай-ақ жұртшылықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, мұқтаж жандарға қолдау танытудың  маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті.

«Ендігі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толады. Бұл біз үшін аса маңызды дата. Мызғымас тұғыры бар мемлекет ретінде кемелдік кезеңіне аяқ басқанымызды түсініп, тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген жетістіктерімізді келісті көрсетуіміз қажет. Мәдениетіміз, тіліміз әр түрлі болса да, біз Ұлы дала елінің балаларымыз, бізді туған жерге деген махаббат біріктіреді», - деді аймақ басшысы.

01 (2).jpg

Облыс әкімі ұлтаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін «Nadzieja» поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Виктор Радомскийге, «Эребуни» армян этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары  Сергей  Григорянға және «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне алғыс хат табыстады. 

02.jpg

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Back to the list