Атырау: Бізге керегі - тек қана Жеңіс

Атырау: Бізге керегі - тек қана Жеңіс

Версия для печати

«...Қызыл зымыран түсіп, пулемет атқылап, тынышталар емес. Бізге бір ғана жеңіс керек. Біз ешқашан жалғыз қалмаймыз...». Атырау облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері атақты «Белорусский вокзал» фильмінде орындалған бұл өлең жолдарын «Covid-19» пандемиясына қарсы күреспен байланыстырады.


Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында облыстың түрлі этномәдени бірлестіктерінің мүшелері «Бізге бір жеңіс керек» әнін бірге шырқады. Олардың орындауындағы ән Ұлы Отан соғысының әр азаматтың жүрегінде мәңгі қалғандығын жеткізді. Әнге арналған бейнероликте сол уақытты еске түсіретін соғыс туралы түрлі фильмдерден үзінділер келтірілді.

Коронавирус пандемиясы әлемді дүр сілкіндірген шақта Атырау облысындағы әр түрлі ұлт өкілдері Ұлы отан соғысын бастан кешкен барлық елдегі халықтың бұл әнді жаңа үлгіде орындай алатындығына сенімді.

«Бұл күндерді біз еске алғанда

Өзімізге сенбес едік.

Бізге бір ғана жеңіс керек.

Біз ешқашан жалғыз қалмаймыз....- деп этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, қоғамдық келісім мен аналар кеңес мүшелері және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері шырқаған уақытта бейнероликтегі кадрларда қазақ, орыс, грузин, әзірбайжан, корей, украин, шешен, неміс, дағыстандық, қарақалпақ ұлт азаматтарының карантин кезінде азық-түлікпен көмекке мұқтаж отбасыларға көмектескендігі, жалғызбасты қарияларға тегін дәрі-дәрмек таратып жатқандағы сәттері бейнеленеді.

Атырау облысы ҚХА басшыларының айтуынша, қазір бұл ән бұрынғысынша өзекті. Біз майдан кезінде жауға қарсы шыққан ата-бабаларымыз секілді ұлтқа бөлінбей, керісінше жұмыла біріктік. Өйткені біздің мақсатымыз біреу ғана. Ол – Жеңіс!

Біз бұл вирусты міндетті түрде жеңеміз! Біз біргеміз!

Back to the list