Атырау облысында небары 8 соғыс ардагері қалды

Атырау облысында небары 8 соғыс ардагері қалды

Версия для печати

Қазіргі таңда Атырау облысында 8 соғыс ардагері бар. Оның жетеуі Атырау қаласында, біреуі Жылыой ауданында тұрады. Ардагерлердің арасында жасы ең үлкені – Айдын Айбаров. Ол биыл 99 жасқа толады. Майдангерлердің ең кішісі – 95 жаста.


Сұрапыл соғыстан аман-есен оралып, жеңіс күнінің 75 жылдығына жеткен 7 ардагерді бүгін Атырау облысы ҚХА «Қоғамдық келісім» басшысы Жанар Ильясова, «Былина» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Андрей Кораблев, ҚХА «Қоғамдық кеңес» басшысы Нұржан Ермуханов үйлеріне барып құттықтады. Әр ардагерге Алғыс хат пен азық-түлікке толған қоржын табысталды.

Биыл ардагерлер Жеңіс саябағына келіп, майдандағы әндерін тыңдай алмады. Десек те, бүгін мұның бәрі олардың үйіне келді, деп хабарлайды Достық үйдің Баспасөз қызметі.


Әр соғыс ардагердің үйлерінің терезе астында 5546 әскери бөлімінің жезтаңбасының сүйемелдеуімен ҚХА жастары соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, «Смугляночкаға» би билеп, қарияларды өнерлерімен тәнті етті.

«Оркестр дауысы шыққанда құттықтауды біреулер жанымызға келіп, ал енді бірі терезеден қабылдады. Қайткеменде олардың барлығы жеңімпаздар қатарына тізілді. Көрініс өтіп бара жатқан куәгерлерді бей-жай қалдырмады - олар бізге қосылып, майдангерлерге ерліктері үшін алғыс білдірді» - дейді Атырау облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов.


Ал Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» қозғалысының жастары Ұлы Отан соғысы ардагері Айдын Айбаровпен кездесіп, Жеңіс күнімен құттықтады.

Ұшқыш-офицер Айдын Айбаровты Атырауда білмейтін жан жоқ. Өмірінің жастық кезін жаудан отанды қорғап қалуға, ал, соғыс жылдарынан кейін қоғамдық жұмыстарға арнаған жауынгер Айдын Айбаровтың Атырау қаласының дамуына қосқан үлесі орасан зор.


Бүгінде жасы тоқсанның тоғызына шыққан ұшқыш-офицердің ерлігін жастар еш ұмытпақ емес.

Жыл сайын Жеңіс күнімен құттықтап баратын «Жаңғыру жолы» жастары карантинге байланысты биыл аз ғана құраммен барып, ақсақалға құрмет көрсетті.

Елдегі жағдайға қарамастан ерлігін ұмытпаған жастардың құрметіне жауынгер-ақсақал ризашылығын білдірді.

Back to the list