Атырау облысының ҚХА лагерьде демалып жатқан Арыс қаласының мектеп оқушыларына мереке сыйлады

Атырау облысының ҚХА лагерьде демалып жатқан Арыс қаласының мектеп оқушыларына мереке сыйлады

Версия для печати

Атырау облысындағы «Тұлпар» лагерінде Арыс қаласынан келген 200-ден астам мектеп оқушысы демалуда.  Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрбан айт мерекесінде «Арыс, біз біргеміз!» акциясы аясында балаларға арнап «Жан шуағы» қайырымдылық шарасын ұйымдастырып өткізді.


Аталмыш шараға Атырау облысы ҚХА-ның этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері қатысты.

Қонақтар атынан сөз алған Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының  орынбасары, «Тхоньиль» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Ли шараға қатысушыларға жылы лебіздерін арнап, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй тіледі.

Лагерь ұжымына және демалушы балаларға үлкен дайындықпен келген «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі, «Былина» орыс этномәдени бірлестігі, «Светоч» славян этномәдени бірлестігі, «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігі және «Довира» украин этномәдени бірлестігінің өнерпаздары мен бишілері ерекше сазды бағдарламаларын ұсынды.

Сондай-ақ, Арыс қаласынан келген балалар да өз өнерлерін көпшілікке тарту етті.

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрбан айт мерекесіне орай құрбандық шалып, мал сойып, «Тұлпар» лагерінде демалып жатқан 200 балаға сыйлықтар, тәттілер, жеміс-жидектерден дәм татқызды. Сонымен қатар Арыс қаласынан келген 47 балаға «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп құралдары мен сөмкелер таратылды.

Back to the list