Атырауда «Кедергіге жол Жоқ» әлеуметтік жобасының шеңберінде қоғамдық рейд өтті

Атырауда «Кедергіге жол Жоқ» әлеуметтік жобасының шеңберінде қоғамдық рейд өтті

Версия для печати

Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан «Кедергіге жол Жоқ» әлеуметтік жобасының шеңберінде құрылған мониторинг топ мүшелері қоғамдық рейд жұмысын жүргізді. 

DSC_8652.JPG

Шараға аталмыш жобаның жетекшісі «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Гульсина Байкенова бастаған топ құрамы, оның ішінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің, Аналар кеңесінің төрайымдары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері және «Шексіз таланттылар» мектеп-театрының қатысушысы, халықаралық конкурстардың лауреаты Жұмабай Жұмағалиев қатысты. 

Мониторинг кезінде қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасау, кедергілерді жою, мүгедектер арбаларына жабдықталған кіретін және түсетін арнайы пандустардың талапқа сәйкестігін анықтау барысын тексеруде Атырау қаласы дәріханаларының, банк бөлімшелерінің, Сұлулық салондарының және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғимараттарын аралады. 

DSC_8707.JPG

Жұмабай Жұмағалиев жетекшісі Гульсина Байкеновамен бірге аталған ғимараттарда орналасқан пандустардың қолайлылығын аңғарып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін тиісті жергілікті органдарға жолдады.

Back to the list