Қазақ халқына ризамын!

Қазақ халқына ризамын!

Версия для печати

Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өттік. ХХ ғасырда халқымыздың басынан өткен қасіретті оқиғалардың түп-тамыры мен себептері неде екенін терең түсінуіміз керек. Қуғын-сүргіннің зобалаңын қазақтар ғана емес, Қазақстанға еріксіз, күшпен жер аударылып келген 1,5 миллион өзге этнос өкілдері де көрді.

Қазақ халқының жанашырлығы мен көмегінің арқасында олар жан сақтап, аман қалды. Мұның бәрі – «коммунизмнің жарқын болашағы» атты жалаң ұранмен жасалған қасіретті тәжірибенің салдары. Еліміздің әр қиырында бой көтеріп жатқан «Қазақ халқына мың алғыс!» монументтері – қазақ жерінен пана тапқан сан түрлі халықтардың шынайы ризашылық көңілінің көрінісі. Бірақ, еліміздің басынан өткен осынау сұмдық сынақтарды ешқашан ұмытпайды және ең ұлы қазына – Тәуелсіздікті бағалап, сақтай біледі. Сондықтан Қазақстандағы әлеуметтік бірлік пен ұлтаралық келісім, елдің тұрақты экономикасы мен биік халықаралық абырой-беделі халқымызды ХХ ғасырда бастан кешкен зобалаңдардан сақтай білетін сенімді кепіл болып саналады. Өткен ғасырдың қасіретті кезеңдерін енді ешқашан қайталамау үшін біз бұл жетістіктерді бағалай білуге тиіспіз!

Мухаббат Миражапова,

Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы,

Өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі


Back to the list