Қазақстан Республикасының Конситутция күнімен ҚХА Кеңесінің құттықтауы

Қазақстан Республикасының Конситутция күнімен ҚХА Кеңесінің құттықтауы

Версия для печати

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясының күнімен шын ықыласпен құттықтайды! 

1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда еліміздің қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Ол адам өмірін, оның құқықтары мен бостандықтарын  ең жоғары құндылықтар деп айқындап, ел дамуының негізін қалады.   Әлеуметтік бағдарланған экономика, идеологиялық және саяси әралуандық, баршаның заң алдындағы теңдігі Қазақстанның құқықтық дамуының басымдықтары болып табылады.  

Елдің Ата заңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі табыспен жүзеге асырылған.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан қуатты мемлекетке айналды. Біздің барлық табыстарымыз бен жетістіктеріміз  – түрлі этностар мен конфессиялардың өкілдерін біртұтас халық, біртұтас ұлт етіп біріктірген дәйекті саясаттың жемісі. 

Қымбатты отандастар!

Бүгінде Конституция Қазақстанды әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына жеткізу жолындағы жаңғыртуды, демократиялық институттарды нығайтуды, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мен қоғамды жұмылдыру процесін одан әрі іске асырудың қуатты факторы болып табылады.  

Осынау мерекелі күні барша қазақстандықтарға бейбіт күн, игі табыстар мен берекелі бірлік тілейміз!  Әр шаңырақта татулық, келісім мен өзара түсіністік орнап, бұл мереке  әрдайым бойымызға күш-қуат, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде көңілімізге сенім  берсін!    

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Дата события ассамблеи: 
29.08.2018

Back to the list