Биыл Қазақстанда Алғыс айту күні бесінші рет аталып өтеді

Биыл Қазақстанда Алғыс айту күні бесінші рет аталып өтеді

Версия для печати

28 ақпанда сағат 11:00-де елордалық Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді.

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлы, Қазақстан Республикасындағы шетел Елшіліктерінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және бірқатар мемлекеттік органның қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, елордалық ҚХА жастары мен қала тұрғындары қатысады деп күтілуде.

Қатысушы қонақтарды Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, мемлекеттік органдар мен қоғам басшыларының қатысуымен өтетін дөңгелек үстел, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА өкілдерінің қолданбалы өнер және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, қайырымдылық акциясы күтілуде.

Алғыс айту күні – ел дамуының қазіргі заманғы кезеңінде пайда болған, ортақ тарих негізінде бірлікті, қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мерекесі.

Back to the list