Біз – Қазақстандықтармыз! Рустам Кайрыев: Менің әр ұлттан тұратын достарым әрдайым қасымнан табылып отырады

Біз – Қазақстандықтармыз! Рустам Кайрыев: Менің әр ұлттан тұратын достарым әрдайым қасымнан табылып отырады

Версия для печати

Жастар жылына орай және көктемнің ең шұғылалы айы – мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары #Бізқазақстандықтармыз флэшмобын өткізуді ұсынды.

Бүгінгі айдарымыздың кейіпкері – Рустам Кайрыев. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» аумақтық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Рустам Кайрыев:

Қазақстан – ғажайып ел! Мұндай ел еш жерде жоқ. Өйткені Қазақстанда көптеген ұлттар жарасым мен келісімде өмір сүруде.

Менің достарым көп, қарап отырсам, соның ішінде жүз ұлттың өкілі бар екен.

#Бізқазақстандықтармыз флэшмобын қолдау мақсатында мен де өз үнімді қоссам деймін.

Менің әр ұлттан тұратын достарым әрдайым қасымнан табылып отырады. Қиналған сәттерде қол ұшын беріп, мен қуансам – бірге қуанып, жабырқасам – бірге жабырқаған достарым туралы бірер сөз.

Ең бірінші ұйғыр досым Рашид Юсупов жайлы айтып өткенді жөн көріп отырмын. Рашид «Taklimakan Network» жобасының құрушысы және авторы, он бес жыл достығымыздың нәтижесінде көптеген жобаларды құрып, әлі де бірігіп жұмыстар атқарып келеміз.

Қазақ досым Үкібай Нұрпейісов, осы #Бізқазақстандықтармыз флэшмобын бастаушы, онымен жеті жылдан таныспыз. Әр қалада тұрып жатсақ та, үнемі бір-бірімізбен байланыстамыз. Ол өте ақкөңіл, белсенді, еңбекқор адам.

Вакиль Набиев – ұлты күрд. «Барбанг» Қазақстан күрдтері» қауымдастығы төрағасының орынбасары. Алғаш рет 2012 жылы танысқан болатынбыз, содан бері арамыз ажырамай келеді.

Орыс досым Максим Долин – талантты оператор, оның бейнероликтері тамаша шығады. Онымен дос болғанымызға жиырма жыл болды.

Еврей досым Вадим Высочин – бала кезден досым әрі көршім. Бір-бірімізді танығанда бес жаста едік. Оны мен «құдай бере салған фотогроф» деймін.

«Ахыска» түрік жастары комитетінің төрағасы Расул Ахметов. 2010 жылы түріктердің іс-шарасында таныстық. Қазір айнымас доспыз.

Татар досым Тимур Жұмырбаевпен таныс болғаныма көп болмаса да, ол туралы оң пікір қалыптасты. Ол мақсатшыл, жауапкершілігі зор, ақкөңіл жан. Тимур Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты «Жарасым» республикалық жастар қозғалысының төрағасы.

Игорь Ли – кәріс. Қазақстан кәрістері жастар қанатының төрағасы. Ол да өз ұлтының нағыз өкілі. Ізетті, парасатты жан.

Армян досым Рубен Микаелян – өршіл адам, жақсы дос, өз ұлтының ең жарқын өкілі.

Сондай-ақ менің достарымның ішінде неміс, африкандық, индус, әзірбайжан, дұнған, қырым татары, казак, грузин, өзбек және басқалары бар.

Біз бәріміз #Бізқазақстандықтармыз және бір тату отбасымыз!

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.


Back to the list