Братислав Сетраков: Елімнің мақтанышына айналғым келеді

Братислав Сетраков: Елімнің мақтанышына айналғым келеді

Версия для печати

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатымен толық танысып шықтым.

Ұлтым орыс болғанымен, қазақ елінде туып, осы жерде білім алдым. Қазіргі таңда студентпін. Қазақ халқын өзімнің бір туғанымдай көріп, бірге тату-тәтті өмір сүріп келе жатырмыз. Тіпті, дос ретінде араласып, бүгінде бауырымдай болып кеткен достарым да көп. Қазақ тілінде өткізілетін түрлі жарыстарға да қатысып, жүлделі орындарды иелендім. Ата-анам қазақ халқының қиын кезде әрдайым қолдау көрсетіп, қуанышымызды бірге бөлісіп келе жатқанын әрдайым айтып отырады.

Мемлекет басшысы сұқбатында «Орыстар – халқымыздың бір бөлігі. Олар Қазақстанның қалыптасуына, дамуына зор үлес қосты. Оны ұмытуға болмайды. Көптеген орыс есімдері біздің тарихымызда алтын әріппен жазылған», - дей келе, Қазақстанның қалыптасуына, дамуына зор үлес қосқан бірқатар азаматтарды, Қазақстанның мақтанышына айналған атақты спортшыларды атап өтті. Бұл да болса қазақ халқының орыс ұлтына деген құрметінің бір үлгісі деп білемін. Мен де келешекте қазақ халқының атын бүкіл әлемге танытып, елімнің мақтанышына айналғым келеді. Қазақ елінде туғаныма, осы жерде өсіп-өнгеніме, қазақ бауырларымның шексіз құрметіне алғысымды білдіремін.

Братислав Сетраков

Қызылорда облысы Жалағаш

ауданының тұрғыны, студент

Back to the list