Динара Хаттамқызы: Қазақ жерінде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтам

Динара Хаттамқызы: Қазақ жерінде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтам

Версия для печати

Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың ресейлік «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатын оқығаннан кейін өзімнің Қазақстан азаматы екендігімді бұрынғыдан да мықтырақ мақтан тұтамын. Ол қазақстандықтардың этникалық шығу тегіне қарамастан өзін біртұтас халық, біртұтас ұлт деп есептейтінін атап өтті.

Президенттің «Этносаралық келісім - ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды факторы, онсыз елдің тұрақты дамуы мүмкін емес. Қазақстан Ресей сияқты-көпұлтты мемлекет. Бұл үлкен стратегиялық плюс деп есептеймін, біз «Әралуандықтағы бірлік» қағидатын негізге аламыз» деді.

Шын мәнінде, қазақстандықтар, олардың этникалық шығу тегіне қарамастан, өзін біртұтас халық, біртұтас ұлт деп санайды. Қазақстанда «ұлттық азшылық» ұғымы жоқ.

«Вынхуа» дүнгендер қауымдастығы» этномәдени бірлестігінің мүшесі бола отырып, мен біздің Президентімізбен толық келісемін. Біз Ұлы қазақ жерінде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз, ал біздің Отанымыз - көптеген ұлттардың ортақ үйі. Көп ұлтты және қоғамдық келісім - Қазақстанның қазынасының бірі. Біз әртүрлі ұлттардың өкілдеріміз, бір-бірімізсіз өмір сүре алмаймыз, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, бір-бірімізден үйреніп, өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, бір-бірімізді толықтырамыз. Бір халық болып Отанымыздың дамуына үлес қосамыз және біз ортақ Отанымыздың мүддесі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.

Ешқашан, ешқандай байлық үшін, Отанымызды басқа мемлекетке ауыстырмаймыз. Менің Отаным-киелі қазақ жері. Қазақстан-менің туған елім, туған жерім!

Динара Хаттамқызы,

Жамбыл облыстық «Вынхуа»

дүнгендер қауымдастығы» ҚБ мүшесі

Back to the list